Ұлттық «Зерде» зерттеу жұмысы мен шығармашылық жобалар конкурсы

Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2021-2022 оқу жылындағы жоспары негізінде 2-7 сынып оқушыларына арналған ұлттық «Зерде» зерттеу жұмысы мен шығармашылық жобалар конкурсының (қалалық) кезеңіне өту үшін іріктеу кезеңі өткізілетінін хабарлайды.

І тур –ғылыми жоба жұмыстарын плагиатқа тексеру;

ІІ тур –сараптама.

Конкурсқа қатысу үшін 2021 жылғы қазан айының 24-не дейін көрсетілген сілтеме https://tinyurl.com/zerde2021  бойынша тіркелу керек.

Конкурс төмендегі секциялар бойынша өткізіледі:

1-секция -қазақ тілі мен әдебиеті(2-4 сынып 2 оқушы, 5-7 сынып 2 оқушы);

2-секция – орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі (2-4 сынып 2 оқушы, 5-7 сынып 2 оқушы);

3-секция – тарих, өлкетану, этномәдениеттану (2-4 сынып 2 оқушы,                       5-7 сынып 2 оқушы);

4-секция – физика- техника (2-4 сынып 2 оқушы,  5-7 сынып 2 оқушы);

5-секция -математика-информатика (2-4 сынып 2 оқушы, 5-7 сынып                      2 оқушы);

6-секция – химия-биология (2-4 сынып 2 оқушы, 5-7 сынып 2 оқушы );

7-секция – медицина-психология (2-4 сынып 2 оқушы, 5-7 сынып                  2 оқушы);

8-секция -экология-валеология (2-4 сынып 2 оқушы, 5-7 сынып 2 оқушы);

9-секция – робототехника (2-4 сынып 2 оқушы, 5-7 сынып 2 оқушы).

Ғылыми жоба жұмыстары плагиатқа тексеру үшін 2021 жылғы қазан айының 25-29 күндері аралығында әр оқушының ғылыми жоба жұмысының электрондық нұсқасын CD-R немесе DVD-Rдискісінде аты–жөнін, сыныбын, секциясын, мектебін толық сыртына жазып тапсыру қажет (әр жоба жеке дискке жазылады).

Жұмыс жазылған дисктер тек директордың ғылыми әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларынан қабылданады. (Оқушылар мен ата–аналардан, мұғалімдерден қабылданбайды).

Антиплагиаттан 50 пайыздан жоғары алған оқушылардың жұмыстары      ІІ кезеңге (сараптамаға) өтеді.

CD-R немесе DVD-R дискісінде ғылыми жобаларды тапсыру кестесі:

МерзіміМектебіУақыты
125.10.2021№1,2,3,4,5,6,7,8, 9 «Зерде», 10,11,12, 13,14,15,16,17,18,19,20,21,22,23,24,25,26,27,28,29,309.00.-12.00. 14.00.-17.00
226.10.2021№31,32,33,34,35,45,46,48,49,50,51,52, 53,54,55,56,57,58,59,60,61,62,63,64,65,66,67.9.00.-12.00. 14.00.-17.00
327.10.2021№68,69,70,71,72,73,74,75,76,77,78,79,80, 81,82,83,84,85.9.00.-12.00. 14.00.-17.00
428.10.2021Жеке меншік мектептер.9.00.-12.00. 14.00.-17.00
529.10.2021№36,37,38,40,41,42,43,44,47,86,87,88,89, 90,91,92, БИЛ қ, БИЛ ұ.9.00.-12.00. 14.00.-17.00

Ескерту:ғылыми жобалар конкурсына қатысушылардың дисктегі жұмыстары көрсетілген уақыттан кейін қабылданбайды.

         Қосымша мәліметті мына мекен–жай бойынша ала аласыздар: «Астана дарыны» ДДЖПСО, Мәңгілік ел даңғ. 55/13, 5 пост, блок С2.1.