2021 жылдың 21-22 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Интеллектуалды дарынды жастар – елордалық білім берудің басты әлеуеті» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Тәрбиелік мәні зор атаулы шараның ұйымдастырушысы –Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы.
Конференцияның мақсаты – ресейлік және республикалық мұғалімдер арасындағы серіктестік пен конструктивті өзара қарым-қатынасты дамытуға үлес қосу.
Конференция барысында білім сапасын арттыру, жоғары оқу орындары, білім беру орталықтары мен оқу орындары арасындағы тиімді байланыстарды табу, жоғары деңгейдегі дарынды балалармен және талантты жастармен жұмыс, мамандықты саналы таңдау және нарықтағы болашақ қажеттіліктер туралы ақпарат. «Жаңа кәсіптер атласы» аясындағы еңбек, ата-аналарды балалармен бірлескен шығармашылық қарым-қатынасқа тарту мәселелері талқыланды.
Шараға отандық мен ресейлік ғалымдар, «Дарын» аймақтық орталықтарының, білім бөлімдерінің, мамандандырылған мектептер мен оқу орталықтарының өкілдері қатысты.
Ақпараттық технологиялардың дамуы конференция алаңдарының бірінің жұмысын қашықтан жүргізуге мүмкіндік берді. Ресейлік ғалымдар конференцияға қашықтықтан қосылды.
Пленарлық бөлім Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Сейсенбай Шәкәрім Толыбайұлының құттықтау сөзімен басталды, басқарма басшысы конференцияның мақсаты мен міндеттерінің өзектілігін атап өтіп, қатысушыларға жемісті еңбек тіледі.
Конференция жұмысына барлығы 200-ден астам делегат атсалысса, соның 70-і әр аймақтан және Алматы, Шымкент қалаларынан келген өкілдер. Қонақтар арасында 9 директор мен «Дарын» аймақтық орталықтарының 2 орынбасарлары (Ақмола, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстанның директорлары мен Жамбыл мен Қарағанды облыстарынан директордың орынбасарлары) бар.
Конференция аясында 3 секциялық отырыс өткізілді, білім беру саласындағы қазақстандық және халықаралық сарапшылардың 18-ден астам баяндамасы тыңдалды.
Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында 2021 жылдың 21 қазанында «Интеллектуалды дарынды жастар – елордалық білімнің әлеуеті» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының бірінші күні өтті.
Пленарлық отырыста баяндама оқығандар:
– Дәуенов Ернұр Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары;
– Куатова Айгүл Советовна – «Елбасы академиясы» КҚ Көшбасшыларды дамыту және цифрлық білім беру орталығы жетекшісі;
– Саясат Нұрбек – BTS Education бас директоры;
– Нұркешев Тимур Сейтқажыұлы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры;
– Аубакиров Ержан Бейсембекұлы – «Bilim innovation» халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті;
Тесленко Александр Николаевич – академик, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), профессор.
Түстен кейін конференция үш пікірталас алаңында жалғасты. Білім беру саласындағы қазақстандық және ресейлік сарапшылардың 18 -ден астам презентациясы тыңдалды. Әр секция жұмысы конференцияның қорытындысын шығарумен және нақты шешімдер қабылдаумен аяқталды.
22 қазан – Конференцияның екінші күні конференция барысы жандана түсті.
Конференцияға қатысушылар республикалық және халықаралық олимпиадаларда үздік нәтиже көрсететін оқушыларды баптап жүрген №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі, дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі, шейх Тамима бен Хамад аль-Тани атындағы №85 мектеп-лицейі сияқты елорданың үш негізгі білім ордаларын аралады.
Іс-шара соңында конференция қатысушылары «NURORDA» мектеп-лицейінің акт залында бас қосып, халықаралық конференцияның жабылу салтанатын тамашалады.
«NURORDA» мектеп-лицейінің мәжіліс залында өткен конференцияның екінші күнгі шарасында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығымен жемісті ынтымақтастық жасап келе жатқан серіктестерге алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табысталды.
Біздің құрметті серіктестеріміз:
- .Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
- С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университет;
- Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы;
- ZERDELI ақыл-ой дамыту мектебі
- Білім және ғылым саласындағы «Білім-өркениеті» Ұлттық
инновациялық зерттеу орталығы;
- «Bilim Foundation» ҚҚ;
- National Geographic Qazaqstan журналы;
- «Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ
- Zerde-lider оқыту орталығы;
- «Сo-Make» ҚҚ;
11. «QOLDAU» білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесі ҚБ;
12. «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
13. №1 балалар музыка мектебі
14. «Edlight Academy» білім беруді қолдау орталығы;
15. STEM Academia;
16. «Millenium Education Technologies» ЖШС.
Қазіргі жасампаз адамзат құндылықтарының негізі – іскерлік, бастамашылдық, кәсіби күш, жаңашылдыққа ұмтылу және өздерінің шығармашылық әлеуетін іске асыру мүмкіндіктерін табу.
Ұйымдастырушылар да, қатысушылар да конференция тәжірибе алмасудың, жаңа инновациялық технологиялармен және тың жобалармен танысудың, әріптестермен қарым-қатынас орнату мен олардың озық ойларын насихаттаудың бірегей жолы екенін тілге тиек етті.
Іс-шара барысында инновациялық даму, дарынды балалар мен талантты жастарды мемлекеттік қолдау, елдегі білім сапасын арттыру және т.б. сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ризашылықтарын білдірді.