Президенттік олимпиаданың онлайн кезеңі

🔵 22 қазан күні Республикалық физика-математика мектебінің базасында Президенттік олимпиаданың онлайн кезеңі өтті. Нұр-сұлтан қаласының білім беру мекемелерінен 20 оқушы қатысты. Екі сағат ішінде қатысушылар төрт пән бойынша (математика, физика, химия және биология) тест орындады. Сонымен қатар, қатысушылар берілген тақырыпқа эссе жазды. Онлайн кезеңнің жеңімпаздары 2021 жылдың қараша айында Қарағанды қаласында өтетін Президенттік олимпиаданың финалына қатысады. Елордалық оқушыларға тек жарқын жеңістер тілейміз!!!