2021 жылдың 15 қазан күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес мектеп және колледж педагог-психологтеріне «Жас психологтер» мектебі аясында қалалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: әріптестер арасында жаңа идеялармен тәжірибе алмасу. Жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолданудың тиімділігін бағалау.
Семинарға жалпы білім беру мекемелерінің:
мектеп-лицейлер: №№11,15,17,27,35,48,54,56,60,70,72,76,84,85,89,сонымен қатар, «Білім-инновация»лицей интернаты;
мектеп-гимназиялар: №№17,32,67,69,78,86,90,91;
орта мектептер: №№18,19,23,29, 41,43,44,45,49, 61;
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан: Құрылыс- техникалық колледж, Сервиз және туризм, Гуманитарлық заң колледжі, М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, Жоғары сауда экономикалық колледжі, Медико-технологиялық колледжі, РМА колледжі, Қазақстан Халықаралық Лингвисттикалық колледжі, Қазақ технология және бизнес университеті колледждерінің жас педагог-психологтері қатысты.
Орталықтың директоры Ғаждембек Қуанышұлы алғы құттықтау сөзімен семинарды ашып, балалардың мамандық таңдау бағыты бойынша «Қабілет» қызметінің жұмысына, психологиялық қызмет бойынша атқарылған іс- шараларға талдау жасай келе, алдағы жоспарлар туралы ақпарат беріп өтті.
Семинар бағдарламасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Bilim foundation» ҚҚ өкілі, педагог-мастер Капанова Гулмира Қыдырбаевна «Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықты ерте анықтау бойынша кешенді жұмыс» тақырыбында баяндама жасап, балаға психологиялық көмек көрсету мәселесі бойынша тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Workshops/Озық тәжірибелер шеберханасында «Ата-аналармен тиімді өзара әрекеттесу» бағдарламасы бойынша «Мирас» Халықаралық мектебінің педагог-психологі, Оқуды қолдау орталығының үйлестірушісі Мухамеджанова Майгуль Еркеновна «Психологтің ата-аналармен өзара әрекеттесуі» тақырыбында тыңдаушылармен өткізген шеберлік сыныптар
мен психологиялық тренингтер аясында отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы, мектеп пен ата-ана байланысын ынтымақтастыру, өзара серіктестік орнату, ата-ананың оқу–тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттырудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану жолдарын көрсетті.
Бағдарламаның тәжірибелік бөлімінде №4 мектеп-гимназия педагог-психологі Мөшке Аршагул «Біз біргеміз, берік іргемізі», №33 балабақша-бастауыш мектеп педагог-психологі А.Б.Аренова «Біз мықты командамыз» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Астана дарыны» ДДжПСО педагог-психологі Т.С.Сатымбекова «Педагог пен оқушы арасында жағымды қарым-қатынас орнату» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында психологтер, бірнеше жаттығу орындаған соң, берілген тақырып бойынша постер құрастырып, әр топ өз жобаларын қорғады.
Семинар-тренинг соңында рефлексия ретінде: «Ғажайып арман-алма талына» тілектерін жазып алқызыл алмаларын ілді.
– Бүгінгі семинар- тренинг сіздерге ұнады ма?
– Бүгінгі тренингте қандай сезімде болдыңыздар?
– Бүгінгі тренингтен қандай әсер алдыңыздар?деген сұрақтар арқылы кері байланыс жүргізілді. Қызықты әрі тартымды көрсетілген тренингтерді жас психологтер іс- тәжірибесінде қолдану мүмкіндігін жетілдірді.
Семинар жұмысын «Астана дарыны» ДДжПСО директоры Ғ. Тұрсынов қорытындылап, қатысушыларға, өз іс-тәжірибесімен бөліскен психологтерге алғысын білдірді. Оқу жылында шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген бірнеше психологтер орталықтың Алғыс хатымен марапатталды.