Мектеп және колледж педагог-психологтерінің қалалық семинары

2021 жылдың 15 қазан күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес мектеп және колледж  педагог-психологтеріне «Жас психологтер» мектебі аясында қалалық семинар өткізілді.

     Семинардың мақсаты: әріптестер арасында жаңа идеялармен тәжірибе алмасу. Жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолданудың тиімділігін бағалау.

       Семинарға жалпы білім беру мекемелерінің:

мектеп-лицейлер: №№11,15,17,27,35,48,54,56,60,70,72,76,84,85,89,сонымен қатар, «Білім-инновация»лицей интернаты;

мектеп-гимназиялар: №№17,32,67,69,78,86,90,91; 

орта мектептер: №№18,19,23,29, 41,43,44,45,49, 61; 

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан: Құрылыс- техникалық колледж, Сервиз және туризм, Гуманитарлық заң колледжі, М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, Жоғары сауда экономикалық колледжі, Медико-технологиялық колледжі, РМА колледжі, Қазақстан Халықаралық Лингвисттикалық колледжі, Қазақ технология және бизнес университеті колледждерінің жас педагог-психологтері қатысты.

Орталықтың директоры Ғаждембек Қуанышұлы алғы құттықтау сөзімен семинарды ашып, балалардың мамандық таңдау бағыты бойынша «Қабілет» қызметінің жұмысына, психологиялық қызмет бойынша атқарылған іс- шараларға талдау жасай келе, алдағы жоспарлар туралы ақпарат беріп өтті. 

        Семинар бағдарламасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Bilim foundation» ҚҚ өкілі, педагог-мастер Капанова Гулмира Қыдырбаевна «Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықты ерте анықтау бойынша кешенді жұмыс» тақырыбында  баяндама жасап, балаға психологиялық көмек көрсету мәселесі бойынша тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

    Workshops/Озық тәжірибелер шеберханасында  «Ата-аналармен тиімді өзара әрекеттесу» бағдарламасы бойынша «Мирас» Халықаралық мектебінің педагог-психологі, Оқуды қолдау орталығының үйлестірушісі Мухамеджанова Майгуль Еркеновна «Психологтің ата-аналармен өзара әрекеттесуі» тақырыбында тыңдаушылармен өткізген шеберлік сыныптар 

мен психологиялық тренингтер аясында отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы, мектеп пен ата-ана байланысын ынтымақтастыру, өзара серіктестік орнату, ата-ананың оқу–тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттырудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану жолдарын көрсетті. 

Бағдарламаның тәжірибелік бөлімінде №4 мектеп-гимназия педагог-психологі Мөшке Аршагул «Біз біргеміз, берік іргемізі», №33  балабақша-бастауыш мектеп педагог-психологі А.Б.Аренова «Біз мықты командамыз» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.       

«Астана дарыны» ДДжПСО педагог-психологі  Т.С.Сатымбекова «Педагог пен оқушы арасында жағымды қарым-қатынас орнату» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында психологтер, бірнеше жаттығу орындаған соң, берілген тақырып бойынша постер құрастырып, әр топ өз жобаларын қорғады. 

       Семинар-тренинг соңында рефлексия ретінде: «Ғажайып арман-алма талына» тілектерін жазып алқызыл алмаларын ілді.

– Бүгінгі семинар- тренинг сіздерге ұнады ма? 

– Бүгінгі тренингте қандай сезімде болдыңыздар?

– Бүгінгі тренингтен қандай әсер алдыңыздар?деген сұрақтар арқылы кері байланыс жүргізілді. Қызықты әрі тартымды көрсетілген тренингтерді жас психологтер   іс- тәжірибесінде   қолдану мүмкіндігін жетілдірді.                                                                   

       Семинар жұмысын «Астана дарыны» ДДжПСО директоры Ғ. Тұрсынов қорытындылап, қатысушыларға, өз іс-тәжірибесімен бөліскен психологтерге алғысын білдірді. Оқу жылында шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген бірнеше психологтер орталықтың Алғыс хатымен марапатталды.