Республикалық лингвистикалық олимпиаданың І (аудандық) кезеңнің өткізу туралы

  Лингвистикалық олимпиадалар 1965 жылы Мәскеуде  пайда болды және уақыт өте келе басқа елдерде өткізіле бастады. Бұл бастама лингвистика бойынша халықаралық олимпиаданың (IOL)  ұйымдастырылуына ықпал етті.

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми -практикалық орталығының іс -шаралар жоспарына сәйкес оқушылардың қолданбалы филология пәніне қызығушылығын ояту және халықаралық лингвистикалық олимпиадаға қатысу үшін олимпиадалық резерв  дайындау мақсатында жыл сайын өткізілетін бұл олимпиадаға Қазақстан мектеп оқушылары белсенді қатысады.

  Елордалық білім беру ортасы  мамандандырылған  №82 «Дарын» мектебінің оқушысы Оспанова Дананың және №6 гимназияның оқушысы Погребная Александраның  халықаралық лингвистикалық олимпиададағы жетістіктерімен мақтанады. Дана 2018-2019 оқу жылында осы олимпиаданың қола медалінің иегері болса,  Александра бірнеше рет грамотамен марапатталды.

   Биыл «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығы  республикалық лингвистикалық олимпиаданың І (аудандық) кезеңін 11 сынып оқушылары арасында  27 қазан күні  Нұр-Сұлтан қаласындағы №11 мектеп-лицей базасында өткізеді..