Білім беру мазмұнын жаңғырту мен жетілдіру бағытындағы «Үздік жыл психологы» конкурсын өткізу бойынша вебинар

       2021 жылдың 8 қазан күні сағат 15:00-де «Астана дарыны» ДДжПСО YouTube каналында онлайн форматта «Үздік жыл психологы» республикалық педагогикалық конкурсының қалалық кезеңін ұйымдастыру және өткізу тақырыбында вебинар өтті. Директорлардың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарлары, елордалық мектептердің, мектепке дейінгі мекемелер мен колледждердің психологтері қатысты.

      Вебинардың негізгі мақсаты – психологтерге әдістемелік көмек көрсету және байқаудың негізгі талаптарымен таныстыру. Орталықтың психологиялық сүйемелдеу бөлімінің меңгерушісі А.К. Исабекова байқаудың ережелері мен шарттарын, кәсіби шеберлікті көрсетуге мүмкіндік беретін тапсырмалардың ерекшеліктерін түсіндірді. Орталықтың педагогикалық шеберлік бөлімінің меңгерушісі А.Д.Садвакасова бағалау критерийлерімен, кәсіби эссе жазудың ерекшеліктерін және портфолио жинақтау мәселелері туралы мағұлматтар берді. Элективті, қолданбалы және арнайы курстардың мазмұны, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы толық түсіндірілді. Қатысушылар өздерін толғандырып жүрген  сұрақтарына жауап алды.

Вебинарға 50-ден астам қатысушы қатысты.