«ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгілі бол» аясында өткен «Сіздің баланыз 5-сыныпқа барды: оған жаңа жағдайларға сәтті бейімделуге қалай көмектесуге болады?» атты қалалық семинар

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің жоспарына сәйкес 2021 жылғы 8 қазан күні бесінші сынып ата-аналарына арналған «Сіздің баланыз 5-сыныпқа барды: оған жаңа жағдайларға сәтті бейімделуге қалай көмектесуге болады?»  тақырыбында  семинар өтті.

Семинардың мақсаты:

  • Бесінші сынып оқушыларының орта буынға тез және жеңіл бейімделуін қалыптастыру;
  • Бейімделудің, үйренісудің қиындықтарын саралау және түзету, дамыту, талапқа сай тәртіп ережелерін игеру, бекіту;
  • Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;

Бесінші сынып оқушыларының бейімделу кезеңінен сәтті өтуіне байланысты ата-аналарға арналған презентация негізінде жүргізілді.

 Презентацияда бесінші сынып оқушыларының ата-аналары үшін (диалог, сенім, тәртіп үш «Д» заңы) ескеру және оны қолдану туралы айтылды.

Ата-аналар сынып жетекшілермен, мектептің оқу үдерісімен танысып, бала тәрбиесіне, бесінші сынып оқушысының оқуында кездесетін қиындықтар және оның алдын алуға байланысты психолог мамандардың кеңестерін тыңдады. Осы мәселедегі өздерінің ойларын ортаға салып, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері өткізген онлайн семинарға барлығы 46 ата-аналар мен педагогтер қатысты.

«Астана дарыны» орталығы психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері – Бодикова Л.Ж. және № 79 мектеп лицейінің педагог-психологы Апсат С. С. бірлесіп өткізген семинарына қатысушы ата-аналар бала тәрбиесіндегі көптеген проблемалық мәселелерді шешуде осындай іс-шаралардың маңызды екенін атап өтті. Отбасы және мектептің бірлескен іс-шаралары жалғасын тапса деген ұсыныстар жасады.

https://youtu.be/lVKEEOi2-U0