Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылдың 6 қазанда №11 мектеп-лицейде
«Менің кіші Отаным» республикалық конкурсының І іріктеу кезеңі өтті.
Конкурсқа 4 номинация бойынша 65 білім беру мекемесінен 9, 10-сыныптардан 151 оқушы қатысты:
1. Менің кіші отанымның тарихы (презентация) – 45 оқушы;
2. Менің кіші отанымның символы (бейнепрезентация) – 30 оқушы;
3. Менің кіші Отанымның болашағы – 28 оқушы;
4. «Менің кіші Отаным» Эссе – 48 оқушы.
Конкурс туған ел тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтауға, олардың шығармашылық қабілеттерін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыруға, оқушылардың тарих және өлкетану бойынша білімін дамытуға, кішкентай Отан үшін мақтаныш сезімін арттыруға бағытталған.
Іріктеу кезеңінен өткен 73 қатысушы 11 қазанда тест тапсырады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!