«QAZAQ EPOS» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҒАРТУ ЖОБАСЫ

ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН

«QAZAQ EPOS» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҒАРТУ ЖОБАСЫ

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Qazaq Epos» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» және Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының аудандық және қалалық іріктеу кезеңін 6–10 сынып оқушылары арасында өткізетінін хабарлайды.

Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында кітап оқуды және қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау, өскелең ұрпақтың зияткерлік қабілетін дамыту, патриотизмге тәрбиелеу, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің беделін көтеру.

Ережеге сәйкес qazaqepos.com байқау – қазақ халқының батырлық эпостарының бірі «Ер Едіге» жырын жатқа айту бойынша өтеді.

Байқаудың кезеңдері:

  • аудандық кезең (қараша айының бірінші онкүндігі)
  • қалалық кезең (қараша айының екінші онкүндігі)
  • республикалық кезең (қосымша хабарланады)

Байқаудың талаптарына сәйкес қатысуға үміткер оқушылардың тізімі алдын ала дайындалуы тиіс. Сондықтан 2021 жыл 8 қазан сағат 12.00-ге дейін http://tiny.cc/qazaqepos сілтеме бойынша үміткерлерді тіркеулеріңізді сұраймыз.

Уақыттың тығыздығына байланысты мектепшілік кезең өткізілмейді. Сондықтан әр мектеп аудандық кезеңге үш оқушы ұсынуы керек.
Аудандық және қалалық кезеңді өткізу уақыты қосымша хабарланады.
Қосымша ақпараттар мен батырлар жырының электронды нұсқасын qazaqepos.com ресми сайтынан алуға болады.