Республикалық ІV «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар интеллектуалдық байқауының қалалық кезеңі.
Дипломдар, грамоталар, сертификаттар
II турының тікелей трансляциясы:
«Менің кішкентай Отанымның тарихы» – №1 | «Кішкентай Отанымның символы» | «Менің кішкентай Отанымның болашағы» |
«Менің кішкентай Отанымның тарихы» – №2 | «Менің туған өлкем» |
I турының тікелей трансляциясы:
«Менің кішкентай Отанымның тарихы» | «Кішкентай Отанымның символы» | «Менің кішкентай Отанымның болашағы» |
«Менің туған өлкем» – №1 | «Менің туған өлкем» – №2 | «Менің туған өлкем» – №3 |
Олимпиаданы өткізу барысы туралы өзекті ақпарат astanadaryny.kz, сондай-ақ telegram-каналда жаңартылады.
Конкурс екі кезеңмен өткізіледі.
І тур – 4 номинация бойынша. Өтетін күні: 2021 жылғы 6 қазан.
- «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша – елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.).
- «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша – автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау (өз таңдауын бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет).
- «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша – нысан макетін презентация түрінде таныстыру.
- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша – өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.
ІІ тур – Қазақстан тарихы бойынша тест тапсыру. Өтетін күні: 2021 жылғы 11 қазан.
Өтетін орны: №11 мектеп-лицей (Абай көшесі, 6)
Конкурсқа әр білім беру мекемелерінің 9-10 сыныптан 4 оқушы ғана қатыса алады.