«Менің кіші Отаным» байқауының қалалық кезеңі

Республикалық ІV «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар интеллектуалдық байқауының қалалық кезеңі.

Қалалық кезеңінің хаттамалары

I турының қорытындысы

Қатысушылардың жұмыстары

Дипломдар, грамоталар, сертификаттар

Алғыс хаттар

II турының тікелей трансляциясы:

«Менің кішкентай Отанымның тарихы»№1«Кішкентай Отанымның символы»«Менің кішкентай Отанымның болашағы»
«Менің кішкентай Отанымның тарихы»2«Менің туған өлкем»

I турының тікелей трансляциясы:

«Менің кішкентай Отанымның тарихы»«Кішкентай Отанымның символы»«Менің кішкентай Отанымның болашағы»
«Менің туған өлкем» – №1«Менің туған өлкем» – 2«Менің туған өлкем» – №3

Олимпиаданы өткізу барысы туралы өзекті ақпарат astanadaryny.kz, сондай-ақ telegram-каналда жаңартылады.

Конкурс екі кезеңмен өткізіледі.

І тур – 4 номинация бойынша. Өтетін күні: 2021 жылғы 6 қазан.

  1. «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша – елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.).
  2. «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша – автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау (өз таңдауын бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет).
  3. «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша – нысан макетін презентация түрінде таныстыру.
  4. «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша – өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.

ІІ тур – Қазақстан тарихы бойынша тест тапсыру. Өтетін күні: 2021 жылғы 11 қазан.

Өтетін орны: №11 мектеп-лицей (Абай көшесі, 6)

Конкурсқа әр білім беру мекемелерінің 9-10 сыныптан 4 оқушы ғана қатыса алады.