Дарынды балаларды анықтау қолдау қолдау мақсатындағы шараларының бірі – 11 сынып оқушылары арасындағы Президенттік олимпиада. Бүгін яғни 30 қыркүйек күні республикада бір уақытте өткізілетін Олимпиаданың 1 (облыстық) кезеңі елордалық оқушылар үшін №11 мектеп базасында өтті. Президенттік олимпиаданың идеясы – қазақстандық мектеп оқушыларының білімін, жаратылыстану -математикалық бағыттағы пәндерге оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру және оларды патриоттық рухта тәрбиелеу боп табылады XIV Президенттік олимпиадаға қаланың 79 мектебінен бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 137
оқушы қатысты. Әр қатысушы төрт пән бойынша тапсырмаларды орындады: математика, физика, химия және биология. Қатысушылардың жұмыстары мен олимпиаданың нәтижелері әлеуметтік желілердегі ресми беттерде және «Aстана дарыны» ДДжПСО сайтында жарияланады.