«Білім беру мекемесінің көпмәдениетті кеңістігі жағдайында толерантты тұлғаны тәрбиелеу» халықаралық ғылыми-практикалық семинары аясында 2021 жылғы 28 қыркүйек күні «№ 47 балабақша – мектеп – гимназия» базасында «Көп мәдениетті (биэтникалық) отбасылардағы тәрбиенің ерекшеліктері» тақырыбында «Ата-аналар клубы» қоғамдық диалог алаңының кезектен тыс отырысы өтті.
Іс-шараның мақсаты: отбасылық тәрбие процесінде толерантты сананы қалыптастыру проблемасын қарастыру және көп мәдениетті (биэтникалық) отбасы жағдайында балаларды тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің оң тәжірибесін жинақтау.
Игорь мен Виктория Астаповтар, Хафация Дан мен Виктория Ли, Гарник және Анна Аджатян отбасылары өздерінің отбасылық тәрбие тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу модераторы «Астана дарыны» ДДжПСО ғылыми кеңесшісі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), профессор Тесленко А. Н. биэтникалық некеге, оның қадір-қасиеті мен проблемаларына заманауи көзқарасты ұсынды. Метис балалардың этникалық өзін-өзі сәйкестендіруін қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударды.
Елдегі пандемияға байланысты отырысқа №31, 47 мектептерден 33 ата-ана қатысты.
Көп мәдениетті отбасыларда этникалық өзін-өзі сәйкестендіруді қалыптастыру мәселесі бойынша пікірталас оң үрдістердің үстемдігін көрсетті:
- биэтникалық неке – халықтардың жақындасуының маңызды факторы, ұрпақтардың мәдени әлеуметтенуінің табиғи және қоғам үшін қажетті процесі;
- көп мәдениетті отбасында тәрбиелеу қазіргі қоғамның негізгі сипаттамаларының бірі ретінде толеранттылық нормасын қалыптастырады;
- бикультуралық балалар қоғамда тұрақты, әртүрлі мәдени ортада жақсы бейімделеді, ұлтаралық қарым-қатынаста толеранттылық мәдениетін біледі.