2021 жылғы қыркүйектің 16-21 күндері аралығында «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімі «Co-Make» ҚҚ-мен бірлесіп, білім беру ұйымдарында «АMAЛТЕЯ» автоматтандырылған психодиагностика бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мектеп психологтеріне арналған оқыту семинарлары офлайн форматта өткізді.
Семинардың мақсаты: мектептердегі дезадаптацияны түзету және алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін педагог-психологтердің «АМАЛТЕЯ» автоматтандырылған психодиагностика бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдыларын игеру.
Семинар 15 адамнан аспайтын топтарға оқыту тілі бойынша бөлініп жүргізілді, барлығы 86 педагог-психологтер қатысты:
мектеп лицейлер: №№ 11,12,37,38,40,46,48,56,64,73,76,83,84,85,88;
мектеп гимназиялар: №№3,4,10,14,16,17,22,30,31,32,50,52,58,65,66,67, 68, 69, 78, 86,87,90,91,92;
орта мектептер: №№13,16,18,19,24,27,29,42,44,45,49,55,60,61,62.
Мектеп педагог-психологтерін «Амалтея» автоматтандырылған психодиагностикалармен жұмыс істеу ерекшеліктерін оқытуды «Co-Make» ҚҚ тренерлері – Г.К. Капанова және А.К. Нуриманова жүргізді.
Семинар шеңберінде психологтердің жұмыс жоспарына сәйкес психодиагностикада міндетті әдістемелерді пайдаланудағы нұсқаулықтарды, сондай-ақ ата-аналар мен мұғалімдердің сұранысы бойынша қосымша тереңдетілген психодиагностикада тест материалдарын қолдануды меңгерді. Семинар тренерлері оқу жылының басында «тәуекел тобының» контингентін анықтаудың өзектілігін атап өтіп, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының бейімделуінің алдын алу бойынша практикалық материалдар берді.
Оқыту семинарының қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттар алды.