Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелері директорының ҒӘЖ жөніндегі орынбасарлары арасындағы семинар-кеңестің қорытындысы

2021 жылғы 17 қыркүйек күні №85 мектеп-лицейі базасында Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелері директорларының ҒӘЖ жөніндегі орынбасарларына семинар-кеңес өтті.Мақсаты – директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасарларына Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерінің зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға қатысу сапасының мониторингін ұсыну; 2021-2022 оқу жылына арналған «Астана дарыны» ДДжПСО жұмыс жоспарымен таныстыру. Семинар-кеңестің жұмысына Нұр-Сұлтан қаласының 87 білім беру мекемесінен (81 мемлекеттік және 5 жекеменшік мектеп) 126 директор орынбасары қатысты.Көпшілік алдында сөз сөйлегендер:«Астана дарыны» ДДжПСО директоры Турсунов Гаждембек Куанышевич;ІТ университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Белошицкий Андрей Александрович;ІТ университетінің құзыреттілік және кемелдік орталығының директоры Тоқсанов Сапар Нұрахметұлы;«Астана дарыны» ДДжПСО директорының орынбасары Бейсенбаева Жанар Маулетхановна;«Астана дарыны» ДДжПСО директорының орынбасары Буралкиева Гульбакыт МукашевнаСеминар-кеңес шеңберінде рейтингтік олимпиадалар мен конкурстарға қатысты мәселелер талқыланды. Семинар-кеңесте республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың тізбесі (ҚР БҒМ №514 бұйрығына қосымша) жайлы, «Астана дарыны» орталығының мамандарымен бірлесіп, педагог қызметкерлердің кәсіби деңгейін жетілдіру, оқушылардың республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу сапасын арттыру туралы сөз қозғалды.Шақырылған қонақтар: ІТ университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Белощицкий Андрей Александрович мен осы университеттің құзыреттілік және кемелдік орталығының директоры Токсанов Сапар Нурахметович Astana IT University бағдарламалау бойынша Республикалық олимпиадасы – «AITU icode», «SAMSUNG» мектебі туралы, жобалау-зерттеу жұмысының тәлімгерлігі, педагогтардың біліктілігін арттыру курстары, мастер-кластар, семинарлар өткізу және т. б. туралы айтты. Семинар қорытындысы бойынша зияткерлік конкурстар мен олимпиадаларға дайындық сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін нақты ұсыныстар ұсынылды. Семинарға қатысушылар қойылған сұрақтарының барлығына жауап алды.