«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІV республикалық зияткерлік конкурсы қалалық кезеңін 2021 жылдың қазанның 6 күні №11 мектеп-лицейінде өткізетінін хабарлайды.
Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың Отанына деген мақтанышын арттыру.
Конкурс екі кезеңмен өткізіледі.
І тур – 4 номинация бойынша:
1) «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша – елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.);
2) «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша – автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау(өз таңдауын бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет);
3) «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша – нысан макетін презентация түрінде таныстыру;
4) «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша – өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.
ІІ тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсыру.
Конкурсқа әр білім беру мекемелерінің 9-10 сыныптан 4 оқушы ғана қатыса алады.
Конкурсқа қатысушыларды тіркеу – 14.00-де, басталуы – 14.30-да. Конкурстың І турынан жоғары ұпай алған оқушылар ІІ кезеңіне қатысады.