«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімі әдіскерлерінің бастамасымен 2021 жылдың 10-20 қыркүйек аралығында «Үлгілі ата-ана мектебі» аясында жалпы білім беретін мектептердің бірінші сынып ата-аналарына арналған «Біздің бала бірінші сыныпта» тақырыбында аралас форматта қалалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеу бойынша ата-аналарға психологиялық көмек беру арқылы отбасы мен белсенді ынтымақтастығын нығайту.
Жас психологтерге көмек ретінде төмендегі мектептерде семинарды «Астана дарыны» орталығы психологиялық қызмет бөлімінің әдіскерлері және мектеп психологтері аралас форматта өткізді:
-мектеп-лицейлер: №№15,27,92;
-мектеп-гимназиялар: №№2,31,63,67,68,69,86;
-орта мектептер: №№12,14,21,26,29,33,49.
Семинар психологтің бірінші сынып оқушыларының бейімделу кезеңінен сәтті өтуіне байланысты ата-аналарға арнап алдын ала дайындалған презентациясы негізінде жүргізілді.
Презентацияда бірінші сынып оқушыларының ата-аналары үшін аса маңызды үш «Б» (Бейімдеу, Бедел, Белсенділік) ескеру және оны қолдану туралы айтылды. Ата-аналар сынып жетекшілерімен, мектептің оқу үдерісімен танысып, бала тәрбиесінде, 1-сынып оқушысында кездесетін қиындықтар және оның алдын алуға байланысты психолог мамандардың пайдалы кеңестерін тыңдады. Осы мәселедегі өздерінің ойларын ортаға салып, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Семинарға 1500 жуық ата-аналар мен педагогтер қатысты.
Қатысушылар бала тәрбиесіндегі көптеген проблемалық мәселелерді шешуде осындай іс-шаралардың маңызды екенін атап өтті және мектеппен бірлескен жұмысты жалғастырып отыру керек деген тұжырым жасады.