Біліктілікті арттыру курсы

2021 жылғы 20 қыркүйекте Алматы қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры базасында «Qabilet қызмет арқылы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зияткерлік және жеке әлеуеттік білім беру бағдарламасы аясында «4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау әдістемесі» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы басталды.
Елбасы академиясы әдіскерлер мен психологтерді даярлау бойынша оқыту семинарларын жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зияткерлік және жеке әлеуетін дамыту бағдарламасы аясында ұйымдастыруда. «Qabilet» қызметінің мамандары «Дарын»өңірлік орталықтарының базасында қызмет көрсететін болады.
Қыркүйек айының соңына дейін атаулы курсқа еліміздің барлық өңірлерінен 80-ге жуық маман қатысуда. «Астана дарыны» ДДжПС орталығының «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметінің педагог-психологтері де аталған тақырып аясында білімдерін шыңдауды бастады.