2021 жылы 16 қыркүйекте «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімінің ұйымдастыруымен Республикалық Отбасы күні аясында №11 мектеп-лицейінде «Бақытты шаңырақ – бақытты ел» тақырыбындағы «Ата-аналар клубы» қалалық диалог алаңының 4-ші маусымының салтанатты ашылуы өтті. «Ата-аналар клубы» қалалық диалог алаңының басты мақсаты – позитивті отбасылық құндылықтарды дәріптеу және жас қазақстандықтарды тәрбиелеудің әлеуметтік ортасын психологияландыру отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы тәрбиесінің үздік үлгілерін насихаттау, ата-аналар ұжымын біріктіру, дәстүрлер мен құндылықтарды сақтауға бағытталған отбасы ынтымақтастығының дағдыларын жетілдіру болып табылады. Елордалық білім беру мекемелерінің ата-аналары мен ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысқан семинарды психологиялық қызмет бөлімінің ғылыми кеңесшісі, п.ғ.д., ә.п.ғ.д., профессор Тесленко А.Н. жүргізді. Профессордың дәрісін 50-ден астам ата-ана тындады. Ең маңыздысы отбасында атмосфераның махаббатқа, өзара түсіністікке, шыдамдылық пен құрметке толы болуын, әр отбасы өз әулетін бақытқа және табысқа жетуін, азаматтар гүлденген ел құра алатынын жеткізіп баяндады. Семинар соңында Қазақстандағы Отбасы күніне арналған «Ата-аналар клубы» қалалық қоғамдық алаңының жұмысына белсенді қатысқан ата-аналар қауымдастығының мүшелері «Астана дарыны» орталығының алғыс хаттармен мараппаталды.