Президенттік олимпиада

Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының 2021 жылғы 03 қарашадағы № 461/15-11-09 хаты негізінде Президенттік олимпиаданың аймақтық-мектепішілік І кезеңі жалпы білім беру мекемелерінің 11-сынып оқушылары арасында математика, физика, химия, биология пәндері бойынша 3 кезеңде өткізілетінін хабарлайды.

Президенттік олимпиадаға республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатыспаған жалпы білім беру мекемелерінің лицей, гимназия, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушылары қатыса алады. Әр қатысушы төрт пәннен тапсырмалар орындайды: математика, физика, химия, биология.

Олимпиадаға жаратылыстану-математика бағыты бойынша интеллектуалды әлеуеті жоғары жалпы білім беру мекемелерінен 2 оқушыдан қатысады.

Президенттік олимпиада 3 кезеңде өтеді:
І кезең: аймақтық-мектепішілік 30 қыркүйек сағат 10:00 де, №11 мектеп-лицей базасында (Абай д.,6);
ІІ кезең: екі турдан тұрады 22 қазан (I тур – 10:00, II тур – 14:00);
ІІІ кезең: республикалық (15-18 қараша).
Қатысушылар туралы ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы қыркүйек айының 23-іне дейін толтыруыңызды сұраймыз.
Сілтеме: http://tiny.cc/po_2021