«АМАЛТЕЯ» автоматтандырылған психодиагностика бағдарламасы бойынша семинары

2021жылдың 16 қыркүйеқ айынан «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы және «Co-Make» ҚҚ бірлесіп, «АМАЛТЕЯ» автоматтандырылған психодиагностика бағдарламасымен жұмыс істеу және оны игеру бойынша мектеп педагог-психологтеріне оқыту семинарын бастады. Оқыту семинары офлайн форматта 21 қыркүйекке дейін «Астана дарыны» орталығында өтеді.

«Co-Make» ҚҚ-ның тренерлері Капанова Г.К, Нуриманова А.К. «Жасөспірімдердің аддиктивті мінез-құлыққа бейімділігінің психологиялық факторларын бағалау», «Мектепке бейімделу диагностикасы» автоматтандырылған бағдарламаларымен жұмыс істеудің теориясын және психодиагностикалық құралдарды тәжірибе жүзінде қолдану әдістерін көрсетеді.

Семинарға қатысушылар жүргізілген әдістерді жасөспірім топтарында тестілеу кезінде қолдануды үйреніп, тәуелді мінез-құлыққа бейімділіктің жоғары қаупі бар скринингтік тексеру, оқушылардың психоэмоционалдық жай-күйін анықтап, жеке және топтық мониторинг жасау, деректерді жедел алу әдістерін меңгереді.

Оқыту семинарынан өткен педагог-психологтерге «Астана дарыны» орталығы мен «Co-Make» ҚҚ-ның атынан сертификаттар тапсырылады.