2021 жылғы тамыз есебі

«Астана дарыны» ДДжПСО  2021 жылғы тамыз айында атқарылған іс-шаралары туралы ақпарат

ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАЛАР МЕН КОНКУРСТАР

2021 жылдың тамыз айында 3 іс-шара өткізілді, оның ішінде 1 Халықаралық, 1 республикалық және 1 қалалық. Аталған іс-шараларға барлығы Нұр-Сұлтан қаласынан 100 оқушы қатысты, оның ішінде 61 жеңімпаз бен жүлдегер:

І орын-10;

ІІ орын-24;

ІІІ орын-27;

Грамота-3.

2021 жылғы 24 шілде мен 3 тамыз күндері аралығында математика, физика және информатика пәндерінен ХХVIII Халықаралық «Туймаада» олимпиадасы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жақын және алыс шетелдердің қатысушылары үшін онлайн режимінде екі тур бойынша өткізілді. Саха Республикасының (Якутия) оқушылары тапсырмаларды дәстүрлі форматта орындады.

Биылғы олимпиадаға Болгария, Иран, Ресей аймақтары, Румыния, Сингапур және Тәжікстан елдерінің командасы, Қазақстанның әр өңірінен барлығы 85 оқушы қатысты, оның ішінде 7 оқушы Ұлттық құрама командасының мүшесі болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелірінен математикадан 9 қатысушы (БИЛ(ер)-7, «NURORDA»-2), физика пәні бойынша 3 оқушы (БИЛ(ер) -1, «NURORDA»-2) және информатика пәнінен БИЛ (ер) 2 оқушы, сонымен қатар БИЛ(ер) 11-сынып оқушысы Раушанов Марлен Қазақстан құрамасының мүшесі қатарында аталған олимпиадада бақ сынасты.

Елордалық оқушылар «Астана дарыны» орталығының жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден өткізген оқу-жаттығу жиындарындағы жүйелі дайындықтың жоғары деңгейін дәлелдеді.

Олимпиада қорытындысы:

Математика пәнінен

І орын (алтын медаль) – Раушанов Марлен БИЛ(ер)
ІІ орын (күміс медаль) – Абсаттаров Нурдаулет БИЛ(ер)
ІІІ орын (қола медаль) – Байжанов Султанбек БИЛ(ер)
ІІ орын (күміс медаль) – Алпысбеков Алихан БИЛ(ер)
ІІІ орын (қола медаль) – Макажанов Олжас БИЛ(ер)
Грамота – Байтуреев Рахымжан БИЛ(ер)
Грамота – Кусдавлетов Эльдар «NURORDA» МЛ
Физика пәнінен 

ІІ орын (күміс медаль) – Назарбай Нұрдәулет «NURORDA» МЛ
ІІІ орын (қола медаль) – Маликов Амиргали БИЛ(ер)
ІІІ орын (қола медаль) – Нахып Ердәулет «NURORDA» МЛ
Инфоматика пәнінен

Грамота – Жарылгамысов Темирлан БИЛ(ер)

2021 жылғы тамыз айының 17-21 күндері аралығында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу  орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Edlight Аcademy» бірлесе отырып, дарынды қыз балаларға арналған Білім-инновация лицейінде оқушыларға бағдарламалаудың Arduino Alexa тілдерін үйрету, чат-боттарын құрастыру мақсатында 7-10 сынып оқушыларына арналған «Хакатон» IT марафоны өткізілді. 

Марафонға 14 елордалық мектептерден 80 оқушы қатысып, «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Ed-light Аcademy» атынан сертификат берілді.

Аталған марафон бойынша ағымдағы жылғы 21 тамызда өз білімін іс жүзінде дәлелдеп, жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар жүлделі орындарды иеленді. 

Чат-боттарын құрастыру бойынша:

І орын

Тусупбекова Жадыра №9 «Зерде», Жасымбек Мади №38 мл ,Тағабай Расул №78 мг;

ІІ орын

Кравченко Никита -№22 мг, Заяшникова Полина-№22 мг, Хафиз Ақылжан -№48 мл, Сейіл Бекарыс -№48 мл, Серикбай Мухаммедали -№72 мл, Ганненко Артём №72 мл, Оразхан Мансұр – №8 мл, Ахметов Тимур- №22 мг, Жылқыбеков Мухамедали – №48 мл, Құлымбет Нұрғиса- №65 мг;

ІІІ орын

Бектаева Зере – №78 мг, Муканова Наргиз -№78, Жанбырбай Хасен -№8 мл, Калдыбек Бейбарыс -№8 мл,Рамазанов Таңірберген -№50 мл, Насипов Тамерлан – №72 мл, Джангунак Чингиз – №72 мл, Хонгор Досжан №8 мл, Нұртаев Адлет -№48 мл.

Arduino Alexa тілдерін үйрету бойынша:

І орын

Бекпатчаев Арсен -№38 мл, Арнур Абилгазы – №72 мл, Йылмаз Абдуллах -№72, Omer Faruk Gesen, Enes Ozdemir, Enes Ozdemir -Spectrum 

ІІ орын

Мизан Инсар -№37 мл, Баймухамбет Абдулазиз -№48 мл, Арыстан Бекзат-№38 мл, Ханағат Сырым №38 мл, Сатмурзин Алтынбек -№9 «Зерде»,  Анарбек Диас- №37 мл, Бейсенбаев Адлен- №9 «Зерде»,Сайлам Алпамыс -№37 мл, Мақсұт Əлихан-№9 «Зерде»; 

ІІІ орын

Мұғал Өсиет -№35 мл,  Дильдабек Нұрасыл-№38 мл, Махмедхан Шұғыла -№65 мг, Султангазина Лейла-№72 мл, Мақсұт Ерасыл -№9 «Зерде» ,Газизов Мирас-№37 мл, Авдилхан Маржан -№8 мл, Бусурманов Еркебулан-№9 «Зерде»,  Мусин Диас-№50 мл, Исабек Абдрахман-№65 мг, Көшербай Фараби-№50 мл, Кислинский Владислав-№30 мг.

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады»- деп өсиет қалдырған ұлы ақын Абай Құнанбаевқа арналған ХХІІ республикалық Абай оқулары 2021 жылғы тамыз айының 24-27 күндері аралығында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында алты номинация бойынша онлайн форматта өтті.

Елорда мектептері арасында өткізілген іріктеуде топ жарған алты оқушы республикалық кезеңде өнерлерін көрсетті, оның ішінде:

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша №56 мектеп- лицейінің оқушысы Асылбекова Асема ІІ орын,

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясына қатысқан № 87 мектеп- гимназиясының оқушысы Махсутканова Айғаным ІІ орын,

«Көңілім әнді ұғады» номинациясында өнер көрсеткен № 87 мектеп- гимназиясының оқушысы Құлажан Қарақат ІІІ орын иегерлері атанды.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК БӨЛІМІ

1. 2021 жылғы тамыз айының 12-13 күндері «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Ed-light Аcademy» бірлесе отырып, «Spectrum» Халықаралық мектебі базасында мектеп директорларының бейінді оқыту жөніндегі орынбасарлары мен пән мұғалімдеріне арналған «Пәндік олимпиадаға дайындық пен біліктілікті арттыру стратегиялары» тақырыбында семинар өткізді. 

Семинарға 27 елордалық мектептерден 56 педагог (26- мектеп директорларының бейінді оқыту жөніндегі орынбасарлары, 30- пән мұғалімдері) қатысты.

Мектеп -гимназиялар: №№3, 6, 10, 22, 47,52,69,74,78;

Мектеп-лицейлер: №№27,48,50,53,54,59,60,62,66,70,72,73.

Мамандандырылған мектептер: №81 «Astana English Scool» гимназиясы, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі, №87 мектеп-гимназия;

Жеке мектептер:«Орталық» экономикалық лицей, «Столичный» лицей, «Экономикалық» лицей.

Семинарға қатысушыларға «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Ed-light Аcademy» атынан сертификат (56) берілді.

2. 2021-2022 оқу жылы қарсаңында 18-24 тамыз күндері аралығында on-line режимде елордалық білім беру мекемелерінің ұстаздарына арналған «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбында дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.

Конференция елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жаңа оқу жылындағы қазақстандық білім берудің негізгі басымдықтарын талқылау мақсатында жұмыс жасады. 

Конференцияда алдыңғы қатарлы, тәжірибелері мол ұстаздар секциялар жұмысында дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары туралы іс-тәжірибелерімен бөлісіп, баяндамалар жасады:

18.08.2021ж. – «Көшбасшылықты транформациялау: кәсіби стратегиялық және сандық ойлау»; 

19.08.2021ж. – «Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін отбасы мен мектептің өзара әрекеттесу формалары»; 

20.08.2021ж. – «Оқушылардың химия және биология пәндерінен білім сапасын арттыру»;

20.08.2021ж. – «Білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаз қолында»; 

23.08.2021ж. «Жаһандану заманындағы ғылым мен білім: ХХІ ғасыр талаптары»; 

23.08.2021ж. – «Білім беру процесінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу»;  

24.08.2021ж. – «Білім берудегі инновациялар: табысты практика панорамасы». 

3. 2021 жылдың 26 тамызынан бастап «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсына білім беру мекемелерінен сұраныстар   қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІ

Тамыз айында психологиялық қызмет бөлімі 6 іс-шара өткізді, қатысушылар саны 284 адамды құрады.

1. 19 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы білім қызметкерлерінің Тамыз конференциясы аясында «Ата-аналар қауымдастығы» мен директорлардың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары секциясында А.Н. Тесленко баяндама жасады;. 

2. 1-31 тамыз аралығында Б.М. Сейдімхан суицид әрекетіне байланысты шұғыл әрекет ету тобының отырыстарын (№32 МГ, №67 МГ, Техникалық колледж, №78 МГ, №17 МГ, №58 МГ, КОПиС, №83 МГ, №4 МГ, №44 ОМ, №70 мг, №2 мг) өткізді; 

 3. 1-15 тамызда колледждердегі психологиялық қызметтің бірыңғай жұмыс жоспарын талдау және бекіту (Сатымбекова Т.С.); 

4. 1-15 тамызда «Қазіргі жасөспірімнің әлеуметтену психологиясы» әдістемелік құралымен жұмыс (Тесленко.А. Н );

5. 3-18 тамызда А.Н.Тесленко ҚР БҒМ «Тірі сабақтар» курстарына қатысты; 

6. 23 тамызда білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі шеңберінде «Білім беру процесінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» атты тақырыптық алаңында конференция өтті. Іс-шараға «Астана дарыны» ДДжПСО директоры Тұрсынов Ғ.Қ., Нұр-Сұлтан қаласы ПД ЖПҚБ ЖПҚБ бастығы полиция майоры Дощанова Н.Н., Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының жетекші сарапшысы, Халыкова А. М., «Bilim Foundation» қоғамдық қорының атқарушы директоры Досжанова Ж. А., «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің ғылыми кеңесшісі, ҚПҒА академигі, п.ғ.д., ә.ғ.д., профессор Тесленко А.Н. қатысты.

Атаулы секцияда тәжірибелі мамандар білікті әдістерімен бөлісті. 136 педагог-психологтер қатысты.

«QABILET» КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

Ағымдағы жылдың тамыз айында «QABILET» кәсіби бағдарлау қызмет бөлімі төмендегі екі бағыт бойынша жұмыс атқарды.

Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру.

Кәсіби бағдарлау қызмет бөліміне тамыз айында оқушылар және ата-аналардан түскен сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға байланысты 4 мекемеден 7 оқушы диагностикадан өтті және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға кәсіби бағыттылық бойынша жеке кеңес берді. Оның ішінде:

  • 9 сынып – 2 оқушы;
  • 10 сынып – 2 оқушы
  • 11 сынып – 3 оқушы;
  • 2 – ата-ана. 

Оқушылармен келесі диагностикалық әдістеме тесттері жүргізілді:

  • Холланд әдістемесі – тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтап, психологиялық портретін шығару (кәсіби бағыттылығын, қабілетін, мүмкіндіктерін ескере отырып);
  • Кәсіби мотивация – еңбекке деген мотивацияны анықтау;
  • Йовайши әдістемесі – кәсіптік бағдар аймағын анықтау (мамандықтар); 
  • Т. Элерс, Г. Шуберт әдістемесі – сәтсіздікке дайындықты, мотивация деңгейі мен жеке мүмкіндіктер деңгейін анықтау.   

Сонымен қатар, тамыз айында «Qabilet» қызмет бөлімімен диагностикалық және құжат алмасу іс-қағаздарын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. 

Нұр-Сұлтан қаласы білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесіне қатысу.

2021 жылдың 19-25 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің қатысуымен онлайн форматта «Білімді ұрпақ-тұрақты даму кепілі»  тақырыбында тамыз кеңесі өтті.19 тамыз күні «Қазіргі мектептегі тәрбие: бағдарламадан іс-әрекетке» тақырыбында білім беру мекемелері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, «Қазақстандық бірегейлік және мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие: психологиялық аспектілер» тақырыбындағы ата-аналар мен педагог-психологтері және 20 тамыз күні «Тәрбие қызметі жүйесіндегі сынып жетекшісі: өзекті құзыреттер» тақырыбында білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері секцияларының жұмысында «Астана дарыны» ДДжПС орталығының «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметінің жұмысы мен атқарылған іс-шаралар туралы бөлім басшысы баяндама жасады.