Балқан олимпиадасында бағың жансын!

Бүгін Алматы қаласында математика пәнінен қашықтықтықтан өтетін XXXVIII Халықаралық Балқан олимпиадасы (ВМО – 2021) басталады. 2021 жылдың 6-10 қыркүйек аралығында өткізілетін әлемнің ең ауқымды олимпиадасында 6 оқушыдан тұратын Қазақстан құрамасы да қатысады, оның ішінде елордамыздың мақтанышы, «SPECTRUM» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы Сам Фетуллах та бар.

Сам Фетуллах – рейтінгісі жоғары бірнеше халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаз-жүлдегері, бүгінде ол елордамыздың беткеұстар математигі. Білім додаларының шыңын бағындырып жүрген дарынды оқушымызға сәттілік тілейміз!