Үздік авторлық бағдарлама» конкурсы

«Астана дарыны» ДДжПСО 2021-2022 оқу жылғы жұмыс жоспарына сәйкес оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында 2021 жылдың қыркүйек айының 7-16 аралығында  «Үздік авторлық бағдарлама» (бұдан әрі – Конкурс) конкурсын өткізетіндігін хабарлайды.

         Конкурста оқу пәндерінің авторлық бағдарламалары  мына бағыттар бойынша қарастырылады: таңдау курстары, арнайы курстар, элективті курстар, қолданбалы курстар.

Конкурс екі этаптан тұрады:

  1. Сараптама ( 7-13.09.2021ж.);
  2. Қортынды (15-16.09.2021 ж.).

Сұраныс (жазбаша)   пен  авторлық жұмыстың қағаз және электронды нұсқасы 2021 жылғы тамыз айының 26-ы мен қыркүйек айының 6-ы күндері аралығында қабылданады.

Конкурсқа қатысушыларды көрсетілген сілтеме бойынша https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSew3X6tXe251zMO7MpxWmhY0QB0SRSCTxQgAc3qcheEW75oIQ/viewform?usp=sf_link  2021 жылғы  қыркүйек айының 6-на дейін тіркелулеріңізді сұраймыз.

Ескерту: конкурсқа бұрын қорғалған жұмыстар жіберілмейді, командалық авторлық бағдарламалар қарастырылмайды, қатысушының педагогикалық өтілі 5 жылдан кем болмау керек.

            Конкурс туралы қажетті мәліметтерді мына мекен-жайдан білуге болады: «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы, Мәңгілік Ел 55/13,  Блок С 2-1, байланыс тел: 20-25-40, 20-25-31.

«Үздік авторлық бағдарлама»

республикалық конкурсын қалалық кезеңін өткізу

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

1. «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының қалалық кезеңін (бұдан әрі – конкурс) Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы (бұдан әрі – «Астана дарын» ДДжПСО) өткізеді.

2. Конкурс білім беру мазмұнын жаңарту мен жетілдіруді насихаттауға бағытталған.

2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

3. Конкурстың мақсаты – пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату.

4. Конкурстың негізгі міндеттері:

– зерттеуші-педагогтың шығармашылық әлеуетін анықтау және қолдау;

– практикада өзінің жеке әзірлемелерін қолдануға мүмкіндік туғызу;

– алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені тарату;

– шығармашылық қызметтің нәтижелерімен, педагогикалық идеяларымен және жобаларымен бөлісу.

3. Конкурсқа қатысушылар

5. Конкурсқа педагогикалық өтілі 5 жылдан кем емес білім беру ұйымдарының қызметкерлері, бала-бақша тәрбиешілері, оқу-әдістемелік орталықтарының, қосымша білім беру орталықтарының әдіскерлері қатыса алады. Командалық жобалар қарастырылмайды. Соңғы үш жылда ұсынылған жобалар конкурсқа қатыстырылмайды.

6.  Конкурстың қалалық кезеңіне қатысушыларды Білім беру мекемелерінің педагогикалық ұжымы ұсына алады.

4. Конкурстың мазмұны мен өткізілу нысандары

Конкурстың сараптама кезеңі 7-13, қорытынды кезеңі 15-16 қыркүйек күндері өтеді. Конкурстың іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар қорытынды кезеңіне жіберіледі. Қорытынды кезеңге қатысушылар төмендегі материалдарды жібереді:

1) авторлық жұмыстың электрондық нұсқасын;

2) бейне қойылымы 3-4 минуттан аспайды (FullHD бейне сапасы 1920*1080, бейне қатынасы 16: 9).

7. Конкурсқа ұсынылатын авторлық бағдарламалар: элективті курстар, қолданбалы курстар, таңдау бойынша курстар, арнайы курстар.

8. Авторлық бағдарламаның элементтері:

–  бастапқы бет (1-б.);

– рецензия кемінде 3 рецензия (ғылыми қызметкердің, практик-мұғалімнің еңбек өтілі 10-15 жыл болуы керек) (3-б.);

– түсіндірме жазба (1,5-2 б.);

– оқу-тақырыптық жоспар (3-4 б.);

– авторлық бағдарламаның мазмұны (2 б.);

– авторлық бағдарлама (10-20 б.);

– әдістемелік сүйемелдеу (2 б).

Бастапқы бетте:

  • заңды құжатына сай білім беру ұйымының атауы;
  • тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес), бағдарлама авторының қызметі;
  • авторлық бағдарламаның атауы;
  • авторлық бағдарламаны әзірленген жылы.

        Бағдарламаның түсіндірме жазбасы:

  • бағыты;
  • өзектілігі, жаңалығы, педагогикалық мақсаттылығы;
  • мақсаты мен міндеті;
  • ерекшелігі;
  • күтілетін нәтижелері және оларды тексеру әдістері.

Авторлық бағдарламаның мазмұны: оқу-тақырыптық жоспар, бөлімдердің, тақырыптардың тізілімі; теориялық және тәжірибелік сабақтарға бөлінген әрбір тақырыпқа арналған сағаттар саны.

Авторлық бағдарламалардың мазмұны тақырыпты қысқаша баяндау арқылы ашылады (теория және практика).

Авторлық бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз етілуі:

  • сипаттамасы;
  • тақырып бойынша жоспарланған сабақ түрлері (ойын, саяхат,

конкурс, конференция т.б.);

  • оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері,

дидактикалық материалдар, сабақтың техникалық жабдықталуы;

– әр тақырып немесе бөлімнен кейін қорытындысын шығару түрлері.

9. Материалдар қағаз және электрондық тасымалдаушылармен тапсырылуы керек.

Жоба жазуға қойылатын талап:

  • форматы – А4, текстік редакторы – MS Word;
  •  шрифтісі – Times New Roman, шрифтің өлшемі -14,  шет сызығы – 2 см. барлық жағынан, жол аралық интервал – 1-1,5, бағыты кітапша, тасымалсыз.

10. Конкурсқа білім беру мекемелері жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің әр түрлі пәндерден жобалары жіберіледі.

5. Ұйымдастыру  комитетіне құжаттар ұсыну тәртібі

11. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 6 қыркүйекке дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш қалған құжаттар тіркеуге алынбайды.

12.  Конкурсқа қатысу үшін:

1). тіркеу формасына сәйкес қатысушы туралы мәліметтерді көрсете отырып, білім беру мекемелерінің басшысымен бекітілген сұраныстары ұсынылады.

2) конкурс материалдары (қағаз және электрондық нұсқада) қабылданады. Ұсынылған авторлық бағдарламалар қайтарылмайды және апелляцияға жатпайды.

13. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады, конкурстың өткізу тәртібін, нысандарын, орны мен өткізу мерзімін анықтайды, қатысушылар тізімін және қазылар алқасының құрамын бекітеді.

14. Ұйымдастыру комитетінің шешімі төраға мен хатшының қолы қойылған хаттамамен рәсімделеді.

6. Конкурстың қазылар алқасы

15. Конкурстың әрбір кезеңінде қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын және оның жұмыс істеу тәртібін жергілікті жердегі ұйымдастырушылар бекітеді.

16. Еліміздің алдыңғы қатарлы педагогикалық ЖОО, әдістемелік орталықтардың қызметкерлері, өнер, мәдениет және ғылым қайраткерлері Конкурстың қазылар алқасының мүшелері бола алады.

17. Қазылар алқасы Конкурсқа ұсынылған жұмыстарға авторлық жобалардың өлшемдеріне (критерий) байланысты сараптама (экспертиза) жасайды: педагогикалық мақсаттылығы, мақсаты мен міндеті, өзектілігі, жаңалығы, авторлық бағдарламаның ерекшелігі, күтілетін нәтижесі мен оларды тексеру нәтижесі.

7. Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау

18. Қазылар алқасы үздік  жобаларды анықтайды:

I орын  -1 авторлық жоба;

II орын  -2 авторлық жоба;

III  орын -3 авторлық жоба.

19. Жүлделі орындар алған жеңімпаздар «Астана дарыны» ДДжПСО             I, II, III дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен марапатталып, жұмыстары  республикалық кезеңге ұсынылады.

20. Конкурсқа қатысушыларға «Астана дарыны» ДДжПСО-ның сертификаттары табысталады. 

© 2021 «Астана дарыны» Дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы