Білім беру процесінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу

    «Астана дарыны» орталығы 2021 жылғы 23  тамызда білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі шеңберінде «Білім беру процесінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» атты тақырыптық алаңында конференция өтті.

Іс-шараға«Астана дарыны» ДДжПСО  директоры  Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы, Нұр-Сұлтан қаласы ПД ЖПҚБ ЖПҚБ бастығы полиция майоры Дощанова Нэлля Нуруллаевна, Ы. Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Психология, тәрбие және  тұлғаны  дамыту  орталығының  жетекші сарапшысы,  Халыкова Айжан Магауияқызы,  «Bilim Foundation» қоғамдық қорының   атқарушы директоры  Досжанова Жанат  Абдижамиевна, «Астана дарыны» ДДжПСО  психологиялық қызмет бөлімінің ғылыми кеңесшісі, ҚПҒА академигі, п.ғ.д., ә.ғ.д., профессор Тесленко Александр Николаевич қатысты.

Атаулы секцияда тәжірибелі мамандар білікті әдістерімен  бөлісті. 136

педагог-психологтер қатысты.

Баршаңызға рақмет және жаңа оқу жылында сәттілік тілейміз!