Тамыз конференциясы – 2021

Құрметті әріптестер!

«Астана дарыны» ДДжПС орталығы Сіздерді оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!

Жуырда елімізде білім және ғылым саласындағы мұғалімдер мен қызметкерлерге арналған республикалық тамыз кеңесінің жыл сайынғы жалпы отырысы өткен болатын. Биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты шара онлайн режимде өткізілді. Тамыз кеңесінің негізгі тақырыбы – жаңа оқу жылының ерекшеліктері.

Біз Сіздерді 18-24 тамыз аралығында елордалық білім беру мекемелерінің ұстаздарына арналған «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» конференциясына шақырамыз! Конференцияның мақсаты – елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жаңа оқу жылындағы қазақстандық білім берудің негізгі басымдықтарын талқылау.

Құрметті әріптестер! Конференцияның төмендегі секцияларына назар аударыңыздар: «Білім берудегі инновациялар: табысты практика панорамасы» – 24.08.2021ж.; «Көшбасшылықты транформациялау: кәсібистратегиялық және сандық ойлау» – 18.08.2021ж.; «Жаһандану заманындағы ғылым мен білім: ХХІ ғасыр талаптары» – 23.08.2021ж.: «Оқушылардың химия және биология пәндерінен білім сапасын арттыру» – 20.08.2021ж.; «Білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаз қолында» – 20.08.2021ж.; «Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін отбасы мен мектептің өзара әрекеттесу формалары» – 19.08.2021ж.; «Білім беру процесінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» – 23.08.2021ж.

Бұл секциялардың жұмысында біз дарынды балалармен жұмыс жасау жөнінде талқылайтын боламыз.

Жаңа оқу жылында Сіздерге сәттілік серік болсын!