ЕЛОРДАДАН ТҮЛЕП ҰШҚАН ОЛИМПИАДАШЫЛАР ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК ОҚУ ОРЫНДАРЫН БАҒЫНДЫРУДА

Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы дарынды оқушыларды қолдау мақсатында ең беделді әрі ауқымды республикалық, халықаралық пәндік олимпиадаларға үнемі жүйелі түрде дайындық жүргізеді.

Олимпиашы-түлектер жоғары білім деңгейлерін, дарын-қабілеттерін көрсете біліп, елімізде және алыс-жақындағы беделді шетелдік университеттерде тегін білім алу үшін грант иеленуге мүмкіндік алды. Жас дарындардың арман-тілектері орындалып, үміттері ақталды.

         Оқушылардың білім жолындағы өз бағытын табуға жол ашатын олимпиадалық алаңдардың арқасында 17 дарынды өрен жоғары нәтижеге қол жеткізді.        

Елордалық 8 олимпиадашы-түлек алыс және жақын шетелдік оқу орындарының грантын жеңіп алды: «Spectrum» халықаралық мектебінің түлегі Дүйсенбеков Данат Англиядағы Кембридж университетінің (Тринити колледжі) математика және ғылым мамандығы бойынша оқу грантына ие болды, сондай-ақ «NURORDA» мектеп-лицейінің екі бірдей түлегі – Жеңіс Әліби City University of Hong Kong (CityU), Hong Kong, Computer Science = 116000 S оқу және тұрақты тұру грантын, Анатұлы Аманбол – 79500 евро көлеміндегі Harbour.Space University, Barcelona, Spain, Computer Science оқу және тұрақты тұру грантын иеленсе, дарынды ер балаларға арналған БИЛ түлегі Әбдікәрімов Бексұлтан Оңтүстік Кореяның Сеул UNIST «Математика және бағдарламалау» мамандығы бойынша оқу грантына қол жеткізді.

№46 мектеп-гимназия кешенінің түлектері Белоцкая Арина Германияның Виадрина Еуропалық университетінің DAD (неміс академиялық алмасу қызметі) грантын, ал Данилов Никита «Экономика және құқық» мамандығы бойынша әлеуметтану университетінің грантын жеңіп алса, №6 гимназияның жоғары ұпай жинаған түлектері Жанабаев Нұрлан Мәскеудегі Ресей химия-технологиялық университетінің гибридті материалдар факультетінде грантта оқуға мүмкіндік алды, Горьдий Юлия Ресейдегі Томск мемлекеттік университетінің стоматология факультетінің грантын иеленді.

Тоғыз олимпиадашы түлектеріміз М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті, Назарбаев Университеті АҚ, АИТУ сияқты Қазақстанның беделді университеттерінің білім грантына ие болды.

Қазір жас ұрпақ үшін көп нәрсеге қол жеткізе алатын мүмкіндіктер кеңістігі өте кең, соның бір дәлелі ретінде рейтингтік халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған «Spectrum» халықаралық мектебінің түлегі Дүйсенбеков Данат пен дарынды ер балаларға арналған «БИЛ» түлегі Сейсенқұл Бақдәулеттің «EL MAQTANYSHY» ұлттық сыйлығын иелегендігін айта аламыз.

 «Астана дарыны» ДДжПСО біздің олимпиадашы түлектердің осындай жемісті жетістіктерімен әркез мақтанып, әрбір жас дарынға өмірде және мансаптық жолына сәттілік тілейді!