Пәндік олимпиадаға дайындық пен біліктілікті арттыру стратегиялары» тақырыбында семинар өтті

2021 жылғы тамыз айының 12-13 күндері «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Ed-light Аcademy» бірлесе отырып, «Spectrum» Халықаралық мектеп базасында мектеп директорларының бейінді оқыту жөніндегі орынбасарлары мен пән мұғалімдеріне арналған «Пәндік олимпиадаға дайындық пен біліктілікті арттыру стратегиялары» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға 27 елордалық мектептерден 56 педагог (26 мектеп директорларының бейінді оқыту жөніндегі орынбасарлары, 30 пән мұғалімдері) қатысты.         

Семинарға қатысушылрға «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Ed-light Аcademy» атынан сертификат  берілді.