2021 жылғы 24 шілде мен 3 тамыз күндері аралығында математика, физика және информатика пәндерінен ХХVIII Халықаралық «Туймаада» олимпиадасы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жақын және алыс шетелдердің қатысушылары үшін онлайн режимінде екі тур бойынша өткізілді. Саха Республикасының (Якутия) оқушылары тапсырмаларды дәстүрлі форматта орындады.
Биылғы олимпиадаға Болгария, Иран, Ресей аймақтары, Румыния, Сингапур және Тәжікстан елдерінің командасы, Қазақстанның әр өңірінен барлығы 85 оқушы қатысты, оның ішінде 7 оқушы Ұлттық құрама командасының мүшесі болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелірінен математикадан 9 қатысушы (БИЛ(ер)-7, «NURORDA»-2), физика пәні бойынша 3 оқушы (БИЛ(ер) -1, «NURORDA»-2) және информатика пәнінен БИЛ (ер) 2 оқушы, сонымен қатар БИЛ(ер) 11-сынып оқушысы Раушанов Марлен Қазақстан құрамасының мүшесі қатарында аталған олимпиадада бақ сынасты.
Елордалық оқушылар «Астана дарыны» орталығының жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден өткізген оқу-жаттығу жиындарындағы жүйелі дайындықтың жоғары деңгейін дәлелдеді.
Олимпиада қорытындысы:
Математика пәнінен –
І орын (алтын медаль) – Раушанов Марлен БИЛ(ер)
ІІ орын (күміс медаль) – Абсаттаров Нурдаулет БИЛ(ер)
ІІІ орын (қола медаль) – Байжанов Султанбек БИЛ(ер)
ІІІ орын (қола медаль) – Алпысбеков Алихан БИЛ(ер)
ІІІ орын (қола медаль) – Макажанов Олжас БИЛ(ер)
Грамота – Байтуреев Рахымжан БИЛ(ер)
Грамота –Кусдавлетов Эльдар «NURORDA» МЛ
Физика пәнінен –
ІІ орын (күміс медаль) – Назарбай Нұрдәулет «NURORDA» МЛ
ІІІ орын (қола медаль) – Маликов Амиргали БИЛ(ер)
ІІІ орын (қола медаль) – Нахып Ердәулет «NURORDA» МЛ
Инфоматика пәнінен –
Грамота – Жарылгамысов Темирлан БИЛ(ер)
Жеңіс тұғырын бағындырған оқушыларды, олардың ұстаздарын, ата-аналары мен жаттықтырушыларын құттықтаймыз!