Қала әкімінің халықаралық олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі

2021 жылдың 29 шілдесі күні Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. С. Кульгинов жуырда өткен халықаралық математика және лингвистика олимпиадаларында жүлдегер атанған елордалық оқушылармен кездесті. 62-ші Халықаралық математикалық олимпиаданың (IMO-2021) күміс медаль иегерлері «Спектрум» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы Данат Дүйсенбеков пен ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Сам Фетуллах және халықаралық лингвистика олимпиадасының қола медаль иегері Республикалық физика-математика мектебінің 10 сынып оқушысы Дарья Пересыпкина әкім қолынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарын алды. Жүлдегер оқушыларымыздың жетістіктерін бағалап, оң тілегін жолдаған елорда әкіміне алғыс білдіреміз! «Астана дарыны» ДДжПС орталығы жас дарындыларымызды жемісті жеңістерімен құттықтайды!