ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА (IMO-2021) НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЗИЯТКЕР ОҚУШЫЛАРЫ КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ

Сонымен, 2021 жылы 14-24 шілде аралығында өткен 62-ші Халықаралық математикалық олимпиада (IMO-2021) өз мәресіне жетті.
Қазақстан құрамасы атаулы олимпиадада әр түрлі деңгейдегі 6 медальға қол жеткізді: Қазақстандықтар 1 алтын, 3 күміс және 2 қола жеңіп алып, үздік зияткерлер атағын тағы да растады!
Математикалық олимпиадаларда қол жеткізген жетістіктерін тағы бір мәрте дәлелдеп, елордалық екі оқушымыздың осы білім додасында да 2 күміс медаль жеңіп алғаны біз үшін үлкен қуаныш!

Қазақстан құрамасына енген жүлдегер оқушыларымыз:
Дүйсенбеков Данат – «Спектр» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;
Сам Фетуллах – ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы. Дарынды жұлдыздарымыз бен олардың жаттықтырушыларын осындай беделді олимпиададағы кезекті жеңісімен құттықтаймыз!