2021 жылғы маусым есебі

«Астана дарыны» ДДжПС орталығының 2021 жылғы маусым айында өткізген іс – шаралары туралы ақпарат

Интеллектуалдық олимпиадалар мен конкурстар

2021 жылдың маусым айында «Астана дарыны» ДДжПС орталығы барлығы  6 іс – шара (3 республикалық, 3 қалалық) өткізді. Аталған іс – шараларға Нұр-Сұлтан қаласынан барлығы 124 оқушы қатысып, 20 бала жеңімпаз және жүлдегер атанды:

I орын – 3;

II орын – 9;

III орын – 8;

Грамота – 11.

1 маусым Балаларды қорғау күні мерекесі аясында қалалық Білім басқармасы мен «Астана дарыны» ДДжПС орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің дарынды балалармен кездесуі өтті.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – 2020-2021 оқу жылын қорытындылау және әртүрлі деңгейдегі интеллектуалдық олимпиадаларда жоғары жетістіктер көрсеткен дарынды балаларды марапаттау.
Кездесуге халықаралық және республикалық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болған 83 оқушы қатысты.
Елордалық команда жыл сайын жалпыкомандалық бірінші орын алып, «Ең үздік команда» атанады.

Астана оқушыларының қоржынында 431 халықаралық, 865 республикалық, 2483 қалалық деңгейдегі – барлығы 3779 медаль бар.

Кездесу жас дарындарды алғыс хаттар және ақшалай сертификаттармен салтанатты марапаттау рәсімімен басталды. Қала әкімі Алтай Сейдірұлы оқушыларды мерекемен құттықтап, олардың жетістіктерін ерекше атап өтіп, жеңістер мен табыстар тіледі. Сонымен қатар ата–ана қамқорлығы мен қолдауының маңыздылығына тоқталып, Алғыс хаттармен марапаттады.
Іс – шараны қорытындылай келе, Алтай Сейдірұлы бүгінгі дарынды балалармен кездесудің ол үшін өте маңызды және мақтаныш екенін айтып, оларға сәттілік тіледі: « Қазір адамзат ғасырдың дамуын жеделдеткен ерекше кезеңнің ең тиімдісі – адамның ақыл – ойы, оның интеллектуалды дамуы» деп баса айтты.

«Астана дарыны»дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2021 жылы 7 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы №72 мектеп-лицей базасында Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Ш.Т.Сейсенбайдың қатысуымен республикалық пәндік және республикалық жасөспірімдер олимпиадаларының қорытындысы бойынша мектеп директорларымен дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – «Дарын» РҒПО рейтингісіне сәйкес «2020-2021 оқу жылының республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстанның 100 үздік олимпиада мектебі» тобына кірген 10 астаналық мектепті марапаттау.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Ш. Т. Сейсенбай мектеп директорларын оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтап, Алғыс хаттар табыс етті:

– Пириев Эльбрус Камалович – Дарынды балаларға арналған «Білім-инновация лицейі»;

– Селман Шимшек – «NURORDA» мектеп-лицейі;

– Қасқабаева Роза Қасымқызы – №46 мектеп-гимназиясы;

– Умербаева Рамзия Фаатовна – №17 мектеп-гимназиясы;

– Крылова Татьяна Константиновна – №6 гимназия;

– Елеубаева Қарлығаш Калимжановна – № 3 мектеп-гимназиясы;

– Төлепбеков Артур Болатбекұлына – «Spectrum» халықаралық мектебі;

– Шаяхметова Айтжан Ермұханқызы – №66 мектеп-лицейі;

– Елубаев Қазбек Елубайұлына – №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі;

– Қашаулиева Гүлмира Көкталқызы – №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі.

Сондай-ақ Олимпиада нәтижелері негізінде «Дарын» РҒПО орталығының қорытындысы бойынша 3 астаналық мектеп «Үздік олимпиадалық мектеп» атағына ие болды:

І орын – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация лицейі»;

І орын – «NURORDA» мектеп-лицейі»;

ІІІ орын – № 46 мектеп-гимназиясы.

Шәкәрім Толыбайұлы 2020-2021 оқу жылының республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша мектептің 10 директорына және 43 мұғаліміне мектептің бюджет қаражатынан айлық жалақы мөлшерінде ақшалай сыйақы берілетінін атап өтті.

Дөңгелек үстел өткізу бағдарламасы аясында «Астана дарыны» ДДжПС орталығының директоры Ғ.Қ. Тұрсынов жазғы кезеңде дарынды балалармен жұмыс туралы жоспарларымен бөлісті. Кездесу соңында мектеп директорлары жұмыстарына жоғары баға берген  ұйымдастырушыларға алғыс айтып, аталған марапат мектептің, Білім басқармасы мен Орталықтың бірлескен еңбегі екенін атап өтті.Дөңгелек үстел жұмысы жоғары деңгейде өтті.

2021 жылы 7-9 маусым күндері «Менің Отаныма – менің бастамам» атты шығармашылық жобалар байқауының Республикалық кезеңі өтті. 

Конкурстың мақсаты – дарынды балаларды анықтау және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету. 

Байқау ZOOM форматында өткізілді. 

Байқау тоғыз номинация бойынша өтті:

  1. «Өз жылуыңмен бөліс» номинациясы (14 жас);
  2. «Туған қалаға –игілікті істер» номинациясы (13 жас);
  3. «Мен Қазақстанның азаматымын» номинациясы (13 жас);
  4. «Медиа жобалар » номинациясы (17 жас);
  5. «Менің кіші Отаным» номинациясы (13 жас);
  6. «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы (15 жас);
  7. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясы (17 жас);
  8. «Жаңғырту полюсі» номинациясы (15 жас);
  9. «Киіз үй – ғаламның моделі» номинациясы (16 жас).

Республикалық   конкурсқа 10 білім беру мекемесінен 10 оқушы қатысты: №14 МГ, №15 МЛ, №47 МГ, №59 МЛ, №65 МГ, №70 МЛ, №72 МЛ, №74 МГ, №86 МГ, №90 Г. 

Конкурстың қорытындысы бойынша10 елордалық оқушының арасынан  2 оқушы жеңімпаз атанып ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.

 Қазақтың сыршыл ақыны, ағартушы Мағжан Жұмабайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Астана дарыны» ДДжПС орталығы ІХ республикалық дәстүрлі «Мағжан оқуларының» қалалық іріктеу кезеңін Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 5-11 сынып оқушылары арасында 2021 жылдың 16 маусым күні онлайн форматта өткізді.  

ІХ республикалық «Мағжан оқуларының» қалалық іріктеу кезеңіне 13 мектептен 21 қатысушы сұраныс берді. Конкурстың қорытындысы бойынша: І орын – 3; ІІ орын – 3; ІІІ орын – 3; грамота – 5.

1. «Өлең- менің Шолпаным, Айым, Күнім» – ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу номинациясына 5 оқушы қатысып:

І орын – №69 МГ;

ІІ орын – №72 МЛ;

ІІІ орын – №51 МГ;

Грамота –  №87 МГ, №65 МГ.

2. «Толқынмен толқын сырласып…» – шығармашылық жұмыс номинациясына 5 оқушы қатысып:

І орын –  №87 МГ;

ІІ орын – №86 МГ;

ІІІ орын – №64 МЛ;

Грамота –  №7 МГ, № 49 ОМ.

3. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас ақындар номинациясына 6 оқушы қатысып:

І орын – №52 МГ;

ІІ орын – №69 МГ;

ІІІ орын – №87 МГ;

Грамота – №57 орта мектебінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.  

 2021 жылғы маусым айының 15–19 күндері ХIV республикалық математикалық «Бастау» турнирі қазіргі эпидемиологиялық ахуалдың  тұрақсыздығына байланысты онлайн режимде өтті. 

Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінен аталған турнирдің қалалық кезеңі бойынша үздік шыққан №66 мектеп-лицейінің, №6 гимназияның, Экономикалық лицей және «NURORDA» мектеп-лицейінің командалары қатысты.

Турнирдің республикалық кезеңі 3 турда ұйымдастырылды:

І тур «Әу, баста!» (командалық сынақ);

ІІ тур «Асық» (командалық сынақ);

ІІІ тур «Математикалық бәйге» (жеке сынақ).

Берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындаған №66 мектеп-лицейінің командасы жалпыкомандалық ІІ орын және Экономикалық лицейінің  командасы жалпыкомандалық ІІІ орын иеленді. 

Сонымен қатар  қатысушылардың арасынан озық шыққан оқушылар марапатталды:  

ІІ орын – Кусайынбеков Айтуар, Экономикалық лицейінің 4-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Ерланұлы Хантөре, №6 гимназиясының 2-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Ислам Исмет, Экономикалық лицейінің 3-сынып оқушысы;

Грамота – Бағланұлы Мағжан №66 мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы;

Грамота – Қуаныш Әбілмансұр  №66 мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы;

Грамота – Молдабаева Карина №6 гимназиясының 4-сынып оқушысы;

Грамота – Панин Константин №6 гимназиясының 3-сынып оқушысы;

Грамота – Қожахмет Маулен «NURORDA» мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы; 

Грамота – Мамраева Рания Экономикалық лицейінің 2-сынып оқушысы.

24–25 маусым күндері онлайн режимде өткен ІХ республикалық «Мағжан оқуларына» Нұр–Сұлтан қаласынан 3 оқушы 3 номинация бойынша қатысты:

1. «Өлең- менің Шолпаным, Айым, Күнім» – ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу;

2. «Толқынмен толқын сырласып…» – шығармашылық жұмыс;

3. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас ақындар. 

Конкурс қорытындысы бойынша елордалық оқушыларға сертификаттар берілді.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК БӨЛІМІ

Педагогикалық шеберлік бөлімі сәуір айында елордалық ұстаздар қауымы үшін төмендегідей іс – шараларды өткізді:

«Дарын» РҒПО ҚР Білім және ғылым министрлігінің  12.12.2018 ж. №564   бұйрығына сәйкес 2021 жылдың 13 қаңтардағы №13/15-11-07 хаты бойынша оқушылар қабылдауды ұйымдастырды: 

2021 жылы 2 маусымда  Нұр–Сұлтан қаласы «Дарынды балаларға арналған № 2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты»

 2021 жылы 6-7 маусым күндері Нұр-Сұлтан қаласы №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі, 7-сынып (50 оқушы). 

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстық іріктеу «Бастауыш, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын  білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен регламенттелген. 

Конкурсқа алтыншы сыныпты бітірген оқушылар қатысты. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстық іріктеу кезінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін барлық қабылдау ережелері сақталды.  №9 «Зерде» мектебіне 582 өтінім берілді, 498 оқушы  тестілеуге қатысып,  оның 50-і қабылданды. 

2021 жылы 18 маусымда «Астана дарыны»  ДДжПС орталығы аттестаттау комиссиясының отырысы өтті. 

Аттестаттау комиссиясының отырысында республикалық біліктілік емтиханын тапсырған орталық қызметкерлерінің өтініштері қаралып, комиссия бір  қызметкерге педагог-модератор біліктілік санатын беру туралы шешім қабылдады.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ ІС-ШАРАЛАРЫ

Психологиялық қызмет бөлімінің ұйымдастыруымен маусым айында барлығы 525 адамды қамтыған келесі іс-шараларды өткізді:

1. 01-03.06. «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдары академиясы» Халықаралық ҚҚ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының педагогтеріне арналған «ХХІ ғасырдағы мамандықтарға бейімделу және олардың қызметтік өсуі» және «ХХІ ғасырдың ақпараттық кеңістігінде дарынды және талантты тұлғаларды іздеу» тақырыптарында халықаралық онлайн  конференцияға «Астана дарыны» ДДжПСО ғылыми кеңесшісі, педагогика және әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор А.Н.Тесленко қатысып, «Елордалық білім беру мекемелері деңгейінде дарынды балаларды анықтау және қолдау Тұжырымдамасы» атты баяндама жасады (қатысқаны 390 адам).

2. Суицидтік әрекеттерге байланысты ШӘТ (шұғыл әрекет тобы) отырыстары өткізілді (№15 МЛ, №19 ОМ, №22 МГ, № 30 МГ, № 83 МГ, № 84 МЛ (2), № 86 МГ, «Центральная» экономикалық мектебі, «Туризм және сервис» колледжінде өткізілді. (Қатысушылар – 135 адам). 

3. Психологиялық қызмет бөлімінің жарты жылдық атқарған жұмыстарының талдамалық есебі дайындалды.

«QABILET» КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІ

«Qabilet» кәсіби бағдарлау қызмет бөлімі маусым айында барлығы 401 адамды қамтыған іс–шаралар өткізді.

  1. Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру (11 оқушы). 

Кәсіби бағдарлау қызмет бөліміне маусым айында оқушылар мен ата-аналардан түскен сұраныстар бойынша кәсіби бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға байланысты 5 мекемеден 11 оқушы диагностикадан өтті және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға жеке-жеке кеңес берді. Оның ішінде:

– 8 сынып – 4 оқушы;

– 9 сынып – 6 оқушы;

– 11 сынып – 1 оқушы;

– ата-ана – 4 

Оқушылармен келесі диагностикалық әдістемелер бойынша тестілеу жүргізілді:

– Холланд әдістемесі – тұлғаның психологиялық ерекшеліктетін анықтау бойынша психологиялық портреті (кәсіби бағыттылығын, қабілетін, мүмкіндіктерін ескере отырып);

– Кәсіби мотивация – еңбекке деген мотивацияны анықтау;

– Йовайши әдістемесі – кәсіптік бағдар аймағын анықтау бойынша (мамандықтар); 

– Т. Элерс, Г. Шуберт әдістемесі – сәтсіздікке дайындықты, мотивация деңгейі мен жеке мүмкіндіктер деңгейін анықтау бойынша.   

Сонымен қатар диагностикалық және құжат алмасу іс-қағаздарын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. 

2. «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдары академиясы» Халықаралық ҚҚ  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының педагогтеріне арналған «ХХІ ғасырдағы мамандықтарға бейімделу және олардың қызметтік өсуі» және «ХХІ ғасырдың ақпараттық кеңістігінде дарынды және талантты тұлғаларды іздеу» тақырыптарында халықаралық онлайн  конференцияға  «Астана дарыны» ДДжПСО «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметі бөлімінің психолог-консультанты М.Қ. Қуатова қатысып, «Интеллектуалды қабілеттерді ерте анықтау және тұлғаның кәсіби өзін-өзі анықтауы» атты баяндама жасады.

3. Диагностика мен құжаттаманы қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.