ЕЛОРДАЛЫҚ ДАРЫНДЫ ЖАС МАТЕМАТИКТЕР LXII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА (ІМО 2021) ҚАТЫСАДЫ

Қазақстанның ұлттық құрама командасы 2021 жылғы 14-24 шілде аралығында қашықтық форматта өтетін 62 – Халықаралық математикалық олимпиадаға (ІМО-2021) қатысады.

Ұйымдастырушы ел – Ресей Федерациясы (Санкт-Петербург қ.).

Олимпиада 1959 жылдан бері өткізіліп келеді, Қазақстан құрама командасы осы білім додасында 1992 жылдан бері қатысып келеді. Жоғары сынып оқушылары арасындағы математика пәні бойынша жыл сайын өткізілетін халықаралық олимпиада. Қазақстан құрама командасының құрамында математикалық олимпиадалардан бірнеше дүркін жүлделі орындар алып, ел намысын қорғапжүрген астаналық екі оқушымыз бар:
Дуйсенбеков Данат – «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
Сам Фетуллах – дарынды ер балаларға арналған «Білім- инновация» лицей – интернатының 11-сынып оқушысы.

Дарынды математиктерімізге сәттілік тілейміз!