ҚР Ұлттық құрама командасы қатысқан, 2021 жылғы 29 маусым мен 5 шілде күндері аралығында қашықтық форматта жасөспірімдер арасындағы математикадан өткен Балқан олимпиадасы өтті. Олимпиадаға әлемнің 22 елінен 132 жас математиктер қатысты, оның ішінде 6 қазақстандық 6 оқушы. Нұр-Сұлтан қаласынан 3 оқушы ұлттық құрама команданың құрамында еліміздің намысын қорғады: дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің оқушылары Байжанов Сұлтанбек пен Қараман Мирас және»NURORDA» мектеп-лицейінің оқушысы Нағашбек Мұхаммед. Олимпиадада жақсы нәтиже көрсетіп, елордалық 2 оқушы жүлделі орындарға ие болды: «NURORDA» мектеп-лицейінің оқушысы Нағашбек Мұхаммед күміс медаль және дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Байжанов Сұлтанбек қола медаль иеленіп, жеңімпаз атанды.
Дарынды жас математиктерімізді және ұстаздарымызды құттықтаймыз!