Бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Каринова Шолпан Танатқызының қатысуымен «Қазақстанда білім берудің барлық деңгейлеріндегі олимпиадаларды өткізу туралы» тақырыбында Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізілді. Шолпан Танатқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 Бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың өзгертілген тізбесі жайлы түсініктеме беріп, журналистер сұрақтарына жауап берді.