Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
1992 жылдың 4 маусымында алғаш рет еліміздің жаңа Мемлекеттік рәміздері бекітілді. Оларды құрметтеу-әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті.
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн – Біздің ұлттық игілігіміз, ел тарихына, мемлекеттік тілге, мәдениет пен дәстүрге деген терең құрмет көзі.
Мемлекеттік рәміздер мемлекет азаматтары үшін, өскелең ұрпақ үшін үлкен адамгершілік мәнге ие.
Осы мереке күні сіздерге амандық, бақыт, бейбітшілік тілейміз! Біздің Отанымыз-Қазақстан гүлдене берсін, оның тәуелсіздік туы биік болсын!