Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, колледждер мен ЖОО педагогтеріне арналған халықаралық онлайн-конференция

«Халықаралық Экология, Инженерия және Педагогика ғылымдар академиясы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2021 жылы 1-3 маусым аралығында «ХХI ғасырдағы мамандыққа бейімделу және олардың қызметтік өсуі» және «ХХI ғасырдағы ақпарат кеңістігінде дарынды және талантты тұлғалардың өз орнын табуы» тақырыптарында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, колледждер мен ЖОО педагогтеріне арналған халықаралық онлайн-конференция өтті. Конференцияда өзге елдердің (Германия, Швеция, Эстония, Польша, Ирландия, Финляндия, Франция, Швейцария, Нидерланд, Канада) мамандарымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ғылыми кеңесшісі, педагогика және әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор А.Н. Тесленко «Елордалық білім беру мекемелері деңгейінде дарынды балаларды анықтау және қолдау тұжырымдамасы», «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі бөлімінің педагог-психологі М.К.Куатова «Тұлғаның интеллектуалдық қабілеттерін ерте жастан анықтау және кәсіби бағыт-бағдар беру» тақырыптарында баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияның негізгі мақсаты тұлғаның өзіндік дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін білім берудің негізін талқылау және анықтау болғандықтан, шетелдік мамандар қатысушылар үшін пайдалы ақпараттар беріп, тәжірибелік әдістерімен бөлісті.