«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Халықаралық Отбасы күніне орай «Біз – бақытты отбасымыз» атты қалалық бейнероликтер байқауы қашықтықтан өтті. Байқауға оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты.
Байқаудың мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, өскелең ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік ортасын психологияландыру. Конкурсқа қатысушыларды тіркеу және бейнероликтерді жүктеу 2021 жылдың 28 сәуіріне дейін https://tinyurl.com/d4s23jhe сілтемесі бойынша жиналды.
Конкурс ережесі бойынша отбасының өзін-өзі таныстыру бейнеролигінің мазмұны төмендегі талаптарды қамтиды:отбасы туралы негізгі фактілер (ата-аналардың құрамы, кәсіби мәртебесі);отбасының бақытты болуының себебі; отбасың жеңіске жетелейтін құндылықтар; отбасы мүшелері үшін өмірдің ең маңызды бір саласын таңдау (спорт, өнер, музыка, жазбаша шығармашылық және т. б.). Конкурсқа Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі мекемелерінен – 16, мектептерден – 71, колледждерден – 13, барлығы 90 отбасы қатысты. Қатысушылар берілген уақыт ішінде отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді, отбасы ынтымақтастығын, мәдениетті қарым-қатынасты көрсете білді. Қазылар алқасы қатысушылардың бейнероликтерін бағалау критерийлері арқылы іріктеп, конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады:
Бас жүлде – Амиржановтар отбасы (№53 мектеп-лицейі); I орын – Сагимбаевтар отбасы (№ 33 балабақша-мектеп кешені); I орын – Бекетовтар отбасы (№ 65 мектеп-гимназиясы); ІІ орын – Жұмахановтар отбасы (№87 мектеп-гимназиясы); ІІ орын – Бекбановтар отбасы (№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі); ІІ орын – Каримбаевтар отбасы (№ 61орта мектебі); ІІІ орын – Нүсіпбековтар отбасы (№ 64 мектеп-гимназиясы); ІІІ орын – Ахметовтар отбасы (№ 72 мектеп-гимназиясы); ІІІ орын – Малицкий отбасы (№ 53 мектеп-лицейі):
Номинация иегерлері:«Дәстүр ұйытқысы» – Амангельді отбасы ( №13 орта мектебі);«Әншілер отбасы» – Нұргазиндер отбасы ( №64 мектеп-лицейі)«Еңбекқор отбасы» – Амангелдиевтер отбасы (№22 «Әлем» балабақшасы). «Спортшы отбасы» – Ким отбасы ( №31 мектеп-гимназиясы)«Өнерлі отбасы» – Минибаевтар отбасы (№28 мектеп- гимназиясы)«Қамқоршы отбасы» – Гориновтар отбасы (№5 мектеп- гимназиясы)«Креативті отбасы» – Амреновтар отбасы («Даналық» колледжі)«Саяхатшы отбасы» – Кульбака отбасы ( №79 мектеп-лицейі)«Шығармашыл отбасы» – Ким отбасы ( №27 мектеп-лицейі)«Өнегелі отбасы» – Манатовтар отбасы ( №46 мектеп-лицейі)«Жас отбасы» – Жумагуловтар отбасы (№69 мектеп-гимназиясы)«Мерейлі отбасы» – Сантаевтар отбасы (№65 мектеп- гимназиясы)«Парасатты отбасы» – Алпысовтар отбасы (№52 мектеп- гимназиясы)«Талантты отбасы» – Зулпикар отбасы («Құрылыс техникалық колледжі»)
Еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты 2021 жылдың 27 мамыры күні «Біз – бақытты отбасымыз» қалалық бейнероликтер байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 9 отбасын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының Бас жүлде, I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталып, «Co-Make» ҚҚ-ның қолдауымен ақшалай сыйақылары табысталды. Конкурсқа қатысушылар отбасы ынтымақтастығы мен ұлттық құндылықтарды, ұлттық мәдениетті, сал-дәстүрді көрсете отырып, креативті идеялар ұсынды.
Байқауға қатысқан барлық отбасыларға алғыс айтамыз!