«Астана дарыны» орталығы барлық оқушыларды ең әсерлі, ұмытылмас мерекелердің бірі – Оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Бүгін елорда мектептерінің түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады!

Оқушы достар, сіздерді алда емтихан сынақтары күтіп тұр. Бұл – мектепте меңгерген білімдеріңізді дәлелдейтін сәт. 

Мектеп бітіруші түлектерге ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырып, арман биігінен көруінулеріне тілектеспіз!

Осынау аяулы мерекемен бүкіл оқу жылында оқушылармен бірге алаңдап, қуаныш пен қайғыға ортақтасқан, қиын сәттерде сенімділік ұялатқан, жеңістеріңізге қуанып, махаббаттарын сыйлаған ұстаздар мен ата-аналарды да құттықтаймыз!!!