Нұр-Сұлтан қаласы 8 сынып оқушылары арасында өткен химия пәнінен І Ұлттық олимпиаданың қорытындысы

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «ZERDE-LIDER» білім беру орталығымен бірлесе отырып 2021 жылдың 12-20 мамыр аралығында 8-сыныптар арасында химия пәнінен І Ұлттық олимпиадасын өткізді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімінің фотоесебі

Қалалық іріктеу кезеңіне қатысу сертификаттары

Олимпиада 3 кезеңнен тұрды:

Аудандық кезең (онлайн) – 12 мамыр;

Қалалық олимпиаданың іріктеу кезеңі (офлайн) – 14 мамыр;

Қалалық олимпиаданың қорытынды кезеңі (офлайн) – 20 мамыр күні өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың химия пәнін тереңдетіп оқуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға даярлау жүйесін жетілдіру және олимпиадалық резерв құру.

2021 жылдың 12 мамыр күні химия пәнінен «online.zerde-leader.com» платформасында 8 сынып оқушылары арасында I Ұлттық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Аудандық кезеңге Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 63 білім беру мекемелерінен 422 оқушы қатысты.

2021 жылдың 14 мамыр күні қалалықіріктеу кезеңі өтті. Қалалық  кезеңге 56 білім беру мекемелерінен 182 оқушы қатысты.

Қалалық іріктеу кезеңіне қатысқан барлық оқушыларға сертификат табысталды.

20 мамыр күні №66 мектеп-лицейіндеофлайн режимде өткен қалалық қорытындыкезеңге 32 білім беру мекемелерінен56 оқушы қатысты. Олимпиаданың III кезеңі тест тапсырмаларынан, есептерден  және зертханалық жұмыстардан тұрды.

Төменде қалалық қорытындыкезеңінен жүлделі орын алған оқушылар тізімін ұсынамыз. Қатысушыларды құттықтаймыз!

Жүлдегер мектептер:

Гран-При- Нур-Орда   

Iорын – 82 мектеп

ІІорын- 60 мектеп

III орын- 6 мектеп