Химия пәнінен І Ұлттық олимпиаданың қорытынды кезеңі


Бүгін 20 мамыр күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «ZERDE-LIDER» білім беру орталығымен бірлесе отырып, №66 мектеп-лицейінде 8 сынып оқушылары арасында офлайн режимде химия пәнінен І Ұлттық олимпиаданың қорытынды кезеңі өткізілуде.
Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың химия пәнін тереңдетіп оқуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға даярлау жүйесін жетілдіру және олимпиадалық резерв құру.
Олимпиадаға II Қалалық іріктеу кезеңінен жолдама алған 60 оқушы қатысып отыр. Олимпиаданың қорытынды кезеңінен жүлделі орын алған қатысушылар 24 мамыр күні сағат 11:00-де «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығында өтетін марапаттау рәсіміне қатысады.