Педагог-психологтарға арналған онлайн вебинар


Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының 14.05.2021 ж. № 454 хатының 5-тармағы негізінде кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті және дивиантты мінез-құлықты балаларды анықтау және сүйемелдеу бойынша педагог-психологтердің жұмысын күшейту үшін 2021 жылы 19 мамыр күні «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімі «Bilim Foundation» ҚҚ бірлесіп онлайн вебинар өткізді. Вебинардың мақсаты – аутодеструктивті және девиантты мінез-құлыққа бейім балалармен жұмыс жасауда педагог-психологтерге әдістемелік көмек көрсету.
Вебинар спикерлері Исабекова А.К. «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің басшысы және Капанова Г.К. «Bilim Foundation» ҚҚ бағдарламасының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өңірлік өкілдігінің басшысы жасөспірімдерде аутодеструктивті мінез-құлық белгілері анықталған жағдайларда мектептердің және колледждердің мобилдік топтарының жұмыс алгоритмі бойынша педагог-психологтерге түсіндірді.
Психологтерге дағдарыс жағдайындағы балаларды қолдау және жазғы демалыс кезінде ата-аналар мен мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық білім беру бағыты ұсынылды. Сондай-ақ вебинарда психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қажет ететін балалардың бос уақытын нәтижелі ұйымдастыру мақсатында бірлескен қызметті жоспарлаудың ықтимал тәсілдері айтылды.