Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 5.1.2 «Қалалық және ауылдық мектептердің, өңірлердің, оқу орындарының, білім алушылардың арасындағы білім беру саласындағы алшақтықты қысқарту міндетін орындау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының «КӨМЕКTIMES – «мектеп-мектепке» тәлімгерлік технологиясы жобасы Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған мектептері мен шеткері орналасқан мектептердің қатысуымен іске асырылуда.
Менеджмент, педагогикалық қолдау, оқу-әдістемелік мазмұн және табысты тәжірибені тарату мәселелері бойынша:
-№ 9 «Зерде» мамандандырылған мектебі № 13 орта мектепті;
- № 81 «AES» гимназиясы 43 орта мектепті;
- «№ 82 «Дарын» мамандырылған лицейі№ 55 орта мектепті;
-Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясы №44 орта мектепті; - «Білім-Инновация» ер балалар лицей-интернаты № 23 орта мектепті;
- «Білім-Инновация» қыз балалар лицей-интернаты № 20 орта мектепті қамқорлығына алып, жұмыс жүргізуде.
Жобаның І кезеңінде мектептер әкімшілігі, әдістеме бірлестіктері жетекшілері және мектеп тренерлері кездесіп, өзара ынтымақтастық келісім жасалып, бірлескен жоспар құрды.
ІІ кезеңде жоспар бойынша іс-тәжірибелерімен бөліcіп, әдістемелік қолдау көрсету мақсатындағы семинарлар, вебинарлар, шебер сабақтар, конференциялар мен пәндік жарыстар өткізді.
ІІІ кезеңде күтілетін нәтиже бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылау.
Білім басқармасының 2020 жылғы 11қыркүйегндегі №492 «КӨМЕКTIMES – мектеп – мектепке тәлімгерлік технологиясы жобасын іске асыру туралы» бұйрығы негізінде бекітілген №55 орта мектеппен жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша 2021 жылдың 20 мамырында №82 «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі «КӨМЕКTIMES» жобасын қорытындылау мақсатында онлайн-семинар өткізді.
Онлайн-семинарға «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы, Білім беру жаңғырту орталығының әдіскері Химанова Шарипа Хинаятовна, №55 орта мектеп директоры Рахимберлина Дидар Алимовна, №82 «Дарын» мамандандырылған лицей директоры Кашаулиева Гульмира Кокталовнажәне екі мектептің ұстаздары, барлығы 60 адам қатысты.
Семинар спикерлері №82 Дарын мамандандырылған лицейі директорының бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Л.Т.Есенова мен мектеп психологы А.К.Танысбаева Қамқорлыққа алынған мектеппен жүргізілген жұмыстарға (оқушылармен және ұстаздармен өткізілген 19 вебинар, 30 ашық сабақ, 10 семинар, 8 әртүрлі іс-шаралар) талдау жасап, нәтижесімен таныстырды.