2021 жылдың 19 мамыр күні №89 мектеп-лицейінің залында Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовтің республикалық олимпиаданың жеңімпаз-жүлдегерлерімен кездесуі өтті.
Интеллектуалды, шығармашылық әлеуетті қалыптастыру, білім берудің жаңа қазақстандық моделін құру жағдайында біздің мемлекетіміздің болашақ элитасын тәрбиелеу мемлекет қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
Мектеп оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада – бұл еліміздегі ең ірі зияткерлік жарыс. 2020-2021 оқу жылындағы олимпиаданың қорытындысы бойынша 685 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның 68-і елордалық мектеп оқушылары. Нұр-Сұлтан қаласы құрамасында 11 алтын, 24 күміс және 33 қола бар.
Біздің команда кезекті рет «Үздік олимпиадалық команда» атағын иеленіп, 1-ші орынды жеңіп алды.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының рейтингісіне сәйкес, 10 астаналық мектеп республикалық олимпиаданың 2020-2021 оқу жылы қорытындысы бойынша Қазақстанның 100 үздік олимпиадалық мектебі» қатарына кірді: дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновациялық лицейі», «NURORDA» мектеп-лицейі, №46 мектеп-гимназиясы, №17 мектеп-гимназиясы, №6 гимназия, №3 мектеп-гимназиясы, «Spectrum» халықаралық мектебі, №66 мектеп-лицейі, №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетов «Нұр-Сұлтан» олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесті, ал облыстар бұл шараға онлайн режимінде ZOOM конференциясы арқылы қосылды.
Жас өрендерге арнаған сөзінде Асхат Қанатұлы Аймағамбетов оларды қол жеткізген нәтижелерімен құттықтап, қазақстандық мектеп оқушыларының жетістіктері білім деңгейінің тағы бір рет дәлелденгендігін және бұл көрсеткіш әр қатысушының талантымен, білімімен, жұмысымен және табандылығымен тікелей байланысты екенін атап өтті.
Іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі елордалық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдар табыстады.
Ресми марапаттау рәсімінен кейін кездесу ашық байланыс форматында өтіп, оқушылар министрге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды.
Кездесу достық пейілде және жылы атмосферада өтті.