«Дарынды балаларға–талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысушыларға бағыт-бағдар беру мақсатындағы вебинар

2021 жылдың 12-13 мамыр күндері «Астана дарыны» ДДжПСО Zoom платформасында «Дарынды балаларға–талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысушыларға бағыт-бағдар беру мақсатында вебинар өткізді.
Вебинарға мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары, жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерінің команда жетекшілері, магистранттар, педагог-ұйымдастырушылар, психологтар, жас мұғалімдер қатысты.
«Астана дарыны» орталығы директорының орынбасары Буралкиева Гүлбақыт Мұқашқызы педагогикалық олимпиаданың қалалық қорытынды кезеңіне шолу жасап, республикалық кезеңге астаналық команданың ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы тарапынан айтылған ескертулер мен ұсыныстарды басшылыққа ала отырып, дайындық деңгейін көтеруге кеңес берді.
Педагогикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде төрт саты бойынша төрелік еткен жоғары оқу орындарының ғалымдары сөз алып, қатысушыларға қандай бағытта жұмыс жасау керектігін, қазіргі таңдағы білім саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, оның шешу жолдарын таңдауға бағыт-бағдар берді.
«Астана дарыны» орталығының педагогикалық шеберлік бөлімінің басшысы Садвакасова Алма Досжанқызы – педагогикалық олимпиаданың республикалық кезеңінің жалпы ережесімен таныстырып, әр сатының тапсырмаларына назар аударды.
Вебинарға 60 жуық тыңдарман қатысып, өз пікірлерін білдіріп, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.