Ата- аналар семинары туралы

«Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің іс- шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылдың 12 – 14 мамыры аралығында серіктес «Bilim Foundation» ҚҚ бірлесіп, 11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін «ҰБТ және емтихан тапсыру кезіндегі психологиялық қолдау» тақырыбында онлайн вебинар өткізілді.

Вебинарда «Bilim Foundation» ҚҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бағдарламаның аймақтық өкілдігінің басшысы Г. Капанова және бағдарламаның аймақтық тренерлері №56 мектеп-лицейінің педагог-психологі А. Жаппашева, №66 мектеп – лицейінің педагог-психологі А. Нуриманова дәріс берді. Вебинарлар YouTude платформасы арқылы видеохостинг арқылы өткізілді, көрсетілімі «Bilim Foundation» арнасында жүргізілді. Көптеген ата -аналардың жолдаған сұрақтарына жауаптар берілді. Ата-аналарға емтихан және ҰБТ тапсыру кезінде психологиялық қолдау тәсілдері бойынша ұсыныстар айтылды.

Вебинарға мектептердің педагог- психологтері және 1500 жуық ата-аналар қатысты. Тікелей трнасляцияға қатыса алмаған ата-аналар вебинарды өзіне ыңғайлы уақытта YouTude каналы арқылы тыңдай алады.