Нұр-Сұлтан қаласы 8 сынып оқушылары арасында өткен химия пәнінен І Ұлттық олимпиаданың қалалық іріктеу кезеңінің қорытындысы

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «ZERDE-LIDER» білім беру орталығымен бірлесе отырып 2021 жылдың 12-20 мамыр аралығында 8-сыныптар арасында химия пәнінен І Ұлттық олимпиадасын өткізеді. Олимпиада 3 кезеңнен тұрады:

Аудандық кезең (онлайн) – 12 мамыр;

Қалалық олимпиаданың іріктеу кезеңі (офлайн) – 14 мамыр;

Қалалық олимпиаданың қорытынды кезеңі (офлайн) – 20 мамыр күні өткізіледі.

2021 жылдың 14 мамыр күні Олимпиаданың қалалық іріктеу кезеңі өтті. Қалалық кезеңге Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 56 білім беру мекемелерінен 182 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 60 оқушы қорытынды кезеңге жолдама алды. Қорытынды кезеңінің тапсырмалары тест сұрақтарынан және зертханалық жұмыстардан тұрады.

Қалалық іріктеу кезеңіне қатысқан барлық оқушыларға сертификат табысталады.

Олимпиаданың қорытынды кезеңі №66 мектеп-лицейінде 20 мамыр күні сағат 10:00-14:00 уақыт аралығында офлайн режимде өтеді. Олимпиадаға тіркеу сағат 9:00 басталады. Қатысушы өзімен бірге медициналық халат, 8 пробирка, қолғап, қалам, маска және 0,5л су алуы қажет.

Қорытынды кезеңге жолдама алған оқушылар тізімі (сілтеме)

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!