«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы жұмыс жоспарына сәйкес білім беру мекемелерінің 4 сынып оқушыларына арналған қалалық пәндік олимпиаданы 2021 жылғы мамыр айының 15-і күні елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қашықтықтан өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып, дүниетанымын кеңейту, дарынды, талантты оқушыларды анықтау.
Олимпиадаға 4 пәннен (математика, қазақ тілі, орыс тілі, дүниетану) 1050 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 467 оқушы (44%) жүлдегер мен жеңімпаз атанды:
І орын – 88;
ІІ орын – 187;
ІІІ орын – 192;
Грамота – 89.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және жетекшілерін жетістіктерімен құттықтаймыз!
Тізім https://drive.google.com/file/d/16EicLDy5-BkVEibwYOoDPVGRmuA35g8u/view?usp=drivesdk