XV Халықаралық «Математика және жобалау» ғылыми жобалар конкурсы

2021 жылдың 1-16 мамыр аралығында дарынды мектеп оқушыларын анықтау және дамыту мақсатында дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер қауымдастығы, Мәскеу мемлекеттік аймақтық университеті, Association Bulgarian Kangaroo (Болгария) және M. Balkanski Foundation (Болгария) бірлесіп, XV Халықаралық «Математика және дизайн» байқауын өткізуде.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты конкурс екінші жыл қатарынан онлайн режимінде өтіп жатыр.

Конкурстың мақсаты: дарынды оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, дарынды оқушыларды қолдау және дамыту.

Нұр-Сұлтан қаласынан елордалық үш оқушы өз ғылыми жобаларын ұсынды (№64 (2) және №15 мектептер).

Конкурс қорытындысы бойынша №64 мектептің оқушылары Баязитова Адина мен Сұлтанбек Дариға «Табиғаттағы және қоғамдағы нақты процестердің математикалық модельдері» номинациясында 2 күміс медаль жеңіп алды.

Халықаралық конкурс жеңімпаздары мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз!